|
|
|
Еңбек көші-қоны және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау (2005.25.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 12-IV ҚР Заңымен ратификацияланды
2005.25.11 хаттамасымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын, осы Келісімге қатысушы-мемлекеттердің Үкіметтері, Экономикалық одақ құру туралы Шарттың ережелерін негізге ала отырып, БҰҰ-ның адам құқығы саласындағы негіз қалаушы құжаттары мен Халықаралық Еңбек Ұйымы шеңберінде дайындалған принциптерге ұстанымына орай; Тараптар мемлекеттері арасындағы еңбек көші-қонының маңызы мен ауқымын түсіне отырып, Тараптар мемлекеттерінің шекараларынан өту және еңбекші мигранттардың, оның ішінде шекаралас еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігіне орай Осы Келісімге қатысушы-мемлекеттер арасында еңбек көші-қоны мен Тараптар мемлекеттері аумағында еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға ұмтыла отырып, төмендегі туралы келісті:
Осы Келісім бір Тарап мемлекеті аумағында тұрақты тұратын және басқа Тарап мемлекетінің аумағындағы кәсіпорындарда, мекемелерде және барлық меншік нысанындағы ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс берушілер немесе жалдаушылар деп аталады) еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар (бұдан әрі - қызметкерлер деп аталады) мен олардың отбасы мүшелерінің еңбек қызметі мен оларды әлеуметтік қорғау саласындағы Тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттарын жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес реттейді. Осы Келісім: босқындарға және мәжбүрлі қоныс аударушыларға; қысқа мерзімге келген еркін кәсіп иелері мен әртістерге; білім алу мақсатымен арнайы келген адамдарға қолданылмайды.
2005.25.11 хаттамасымен 2 бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-бап
Осы Келісімде пайдаланылатын ұғымдардың мынадай мағыналары бар: «еңбекші-мигрант (немесе қызметкер)» - шығу Тарапының аумағында тұрақты тұратын, жұмысқа орналастыру Тарапында ақылы қызметпен заңды негізде айналысатын адам; «отбасы мүшелері» - еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам, сондай-ақ асырауындағы балалары мен жұмысқа орналастыру Тарабының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес отбасы мүшелері деп танылатын басқа да адамдар; «жұмыс беруші (жалдаушы)» - меншік нысанына қарамастан жұмысқа орналастыру Тарабында жұмыс беретін кәсіпорын, мекеме, ұйым; «шығу Тарабы» - еңбекші-мигранттар аумағында тұрақты тұратын және жұмыс табу ниетімен басқа мемлекетке қоныс аударатын мемлекет; «шекаралас еңбекші» - бір іргелес мемлекеттің шекаралас аумағында жұмыс істейтін және оған күнде немесе не болғанда аптасына кемінде бір рет оралып отыратын өзге іргелес мемлекет аумағындағы тұрғылықты жерін сақтайтын еңбекші-мигрант»; «жұмысқа орналастыру Тарабы» - соның аумағында басқа мемлекеттен келген еңбекші-мигранттар өзінің еңбек қызметін еңбек шарты (контракті) жағдайларында жүзеге асыратын мемлекет; «Өкілетті органдар» - Тараптардың осы Келісімді іске асыру мәселелерін шешу құзіретіне кіретін органдары; «еңбек жағдайлары» - еңбек қызметі процесінде адамның денсаулығы мен еңбек қабілетіне әсер ететін өндірістік орта факторларының жиынтығы, сондай-ақ жұмыс уақыты мен үзіліс уақытының белгіленген ұзақтығы, демалыс беру, жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес еңбекақы төлеу.
Қызметкерлерді тартудың тәртібін, оларға қойылатын біліктілік, жасы байланысты және өзге де талаптарды, егер екі жақты келісімдермен өзгеше көзделмесе, жұмысқа орналастыру Тарабы өзінің аумағында қолданылатын заңнамаға қарай белгілейді. Қабылданатын қызметкерлердің саны екіжақты келісім негізінде айқындалады.
2005.25.11 хаттамасымен келісім 31-баппен толықтырылды (бұр. ред. қара) 31-бап
Тараптар екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде шекаралас еңбекшілердің еңбек қызметін жүзеге асыруының қарапайым тәртібін қолданады
Тараптардың әрқайсысы дипломдарды, білімі туралы куәліктерді, атақ, разряд, біліктілік берілгені туралы тиісті құжаттарды және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін қажетті басқа да құжаттар мен олардың шығу Тарабының аумағында белгіленген тәртіппен расталған, жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттік тіліндегі немесе орыс тіліндегі аудармаларын (растаусыз) таниды. Жеңілдікті негіздердегі және мамандығы бойынша стажды қоса алғанда, еңбек стажын Тараптар өзара таниды. Еңбекші-мигрант жұмысқа орналастыру Тарабынан түпкілікті кеткен кезде жұмыс беруші (жалдаушы) оған жұмысының ұзақтығы және ай сайынғы жалақысы туралы деректері бар анықтаманы немесе өзге құжатты береді.
Қызметкердің жұмысқа орналстыру Тарабына келуі, болуы және кетуі оның аумағындағы қолданылып жүрген заңнамаға және Тараптардың арасында жасалған келісімдерге сәйкес жүзеге асырылады. Тараптар жұмысқа орналастыру Тарабының заңдары мен шетел азаматтарының болу ережесін бұзған еңбекші-мигранттың еңбек қатынастарының мерзімінен бұрын тоқтатылуын және оның шығу Тарабына қайтарылуын талап ете алады.
Қызметкердің еңбек қызметі орналастыру Тарабының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналастыру Тарабының мемлекеттік тілінде және орыс тілінде жасалған еңбек шартымен (контрактімен) ресімделеді, ол жұмысқа сапарға шыққанға дейін қызметкерге беріледі. Еңбек шартында (контрактіде) жұмыс беруші мен қызметкердің негізгі деректемелері, қызметкерге қойылатын кәсіби талаптар, жұмыстың сипаты, еңбек және оған еңбекақы төлеудің, жұмыс күні мен демалыстың ұзақтығы жағдайлары, сондай-ақ еңбек шартының қолданылу мерзімі, оның бұзылу шарттары, көлік шығыстарын өтеу тәртібі туралы деректер қамтылуға тиіс. Қызметкерлер жұмысқа орналастыру Тарабының еңбек заңнамасымен белгіленген құқықтарды пайдаланады және міндеттерді атқарады. Егер еңбек шарты (контракт) кәсіпорынның (мекеменің, ұйымның) таратылуына немесе қайта құрылуына, қызметкерлер санының немесе штаттың қысқаруына байланысты тоқтатылса, онда еңбекші-мигрантқа жұмысқа орналастыру Тарабының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілген негіздемелер бойынша босатылған қызметкерлерге берілетін жеңілдіктер мен өтемақылар қолданылады. Мұндай жағдайда, еңбекші-мигрант жұмыс берушінің (жалдаушының) қаражаты есебінен шығу Тарабына қайтарылуға тиіс. Еңбек шартын (контрактіні) бір жұмыс берушіден (жалдаушыдан) екіншісіне беруге болмайды.
Жұмысқа орналастыру Тарабы қызметкерлерінің еңбек табысына салық салу Жұмысқа орналастыру Тарабы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде жүзеге асырылады. Тараптар қызметкерлердің тапқан табысына қайталап салық салуға жол бермейді.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерінің Тараптардың қолданыстағы заңнамасына немесе екі жақты келісімдерге сәйкес жеке мүлкін әкелуге және әкетуге құқығы бар.
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер азаматтары құқықтарының кепілдіктері туралы 1992 жылғы 13 наурыздағы Келісімге және немесе (және) екі жақты келісімдермен реттеледі. Еңбекші-мигранттар егер арнайы келісіммен өзгеше көзделмесе, Жұмысқа орналастыру Тарабының аумағында қолданылатын заңнамаға сәйкес әлеуметтік сақтандыруды (зейнетақыдан басқа) және әлеуметтік қамсыздандыруды пайдаланады. Оларға медициналық қызмет көрсету Жұмысқа орналастыру Тарабы жұмыс берушісінің (жалдаушының) есебінен сол Тараптың азаматтарымен бірдей деңгейде жүзеге асырылады.
Қызметкерге еңбек міндеттерін атқарумен байланысты мертігуден, кәсіптік аурудан не денсаулығының өзге де зақымдануынан келтірілген зиянды өтеудің тәртібі, егер жеке келісіммен өзгеше көзделмесе, жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасымен реттеледі.
Қызметкер қайтыс болған жағдайда, жұмыс беруші (жалдаушы) қайтыс болған адамның мәйіті мен жеке заттарын шығу Тарабына тасымалдауды қамтамасыз етеді, осыған байланысты барлық шығынды көтереді, адам өлімі фактісі жөніндегі материалдарды қоса отырып, осы Тараптың дипломатиялық немесе консулдық өкілдігін хабардар етеді.
Тараптар бірін бірі: ұлттық заңнама туралы және еңбек, жұмыспен қамту, көші-қон және иммиграция саласындағы, оның ішінде еңбекші-мигранттардың өмір сүру жағдайлары туралы басқа да нормативтік құқықтық актілер туралы; Тараптардың еңбек рыноктарындағы ахуал туралы хабардар етеді. Тараптар шығу Тарабы құзіретті органдарының осындай қызмет түрін жүзеге асыруға тиісті рұқсаты жоқ делдалдардың еңбекші-мигранттарды жұмысқа орналастыруының алдын алу мақсатында қажетті шараларды қабылдайды. Жасырын немесе заңсыз иммиграцияға ықпал ететін кез келген адам жұмысқа орналастыру Тарабының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
Қызметкерлер жұмыс істеп тапқан жалақы ақшасын жұмысқа орналастыру Тарабының заңнамасына сәйкес және екі жақты келісімді ескере отырып шығу Тарабы аумағына ауыстыра алады.
Тараптар осы Келісімге қолқойылған күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей тиісті Өкілетті органдарды айқындайды.
Осы Келісімді орындауға байланысты мәселелердің бәрі Тараптардың Өкілетті органдарының өзара констультациялар жүргізу жолымен немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-елдердің еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі Консультативтік Кеңесі арқылы, ал қажет болған кезде - олардың үкіметтері арқылы шешіледі.
Тараптар осы Келісімге өзара келісім бойынша қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады, олар тиісті хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
Осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылған жағдайда, оның ережелері қызметкерлер жұмыс берушімен (жалдаушымен) жасасқан еңбек шарттарына (контрактіге) қатысты, олар жасалған мерзім аяқталғанға дейін күшінде қалады.
Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді қатысушы-мемлекеттердің орындағанын растайтын үш тараптан депозитарийге хабарлама тапсырылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім оның мақсаттары мен принциптерін оған қосылу туралы құжаттарын депозитарийге беру жолымен бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы ушін ашық.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және әр жолы бір жылға автоматты түрде ұзартылатын болады. Тараптардың әрқайсысы өзінің осы Келісімнен шығу ниеті туралы тиісті кезең өткенге дейін кемінде алты ай бұрын жазбаша хабардар ету жолымен мәлімдей алады. 1994 жылғы 15 сәуірде Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды. Түпнұсқа дана Беларусь Республикасы Үкіметінің Мұрағатында сақталады, ол оның расталған көшірмесін осы Келісімге қол қойған мемлекеттерге жібереді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |