Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы (2009.30.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 515 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесі бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Н.Б. Қалабаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 4. Мыналардың: 1) «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3335 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 жылғы, № 3-8, 23-құжатпен жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында мемлекеттік аралық бақылауды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 1056 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2006 жылғы 7 ақпандағы № 61 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4088 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурыздағы № 42-43 (1022-1023) «Заң газетінде» жарияланған); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|