«2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 Қаулысы (2007.10.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 21 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 (бұр.ред.қара); 2007.30.10. № 1010 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. 2007 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде атқарылуға қабылдансын: 1) кірістер - 2220421435 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1621664278 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 131841042 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8418025 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 458498090 мың теңге; 2) шығындар - 2094459384 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 125962051 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру - 11508784 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 39373479 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 50882263 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 367102068 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 369102068 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 2000000 мың теңге; 6) тапшылық - 229631233 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өніміне 2,2 пайыз; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 229631233 мың теңге. 2. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2007 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі айқындалсын. 3. 3-қосымшаға сәйкес инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталған 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бекітілсін. 1) 4-қосымшаға сәйкес көші-қон полициясының 2006 жылы бөлінген қосымша штат санын ұстауға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 2) 5-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға: тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға; өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша; ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға; жеміс дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге; мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға; қазақстандық талшықты мақтаның сапасын сараптауға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 3) 6-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) 6-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсіру қызметін қамтамасыз етуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 4) 7-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 5) 8-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 6) 9-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент тіркелген ставкасын енгізуге, салық салу кезінде кірістен айлық есептік көрсеткіштің орнына жалақының ең төменгі мөлшерін табыстан алып тастауға және жергілікті бюджетке түсетін ойын бизнесіне арналған акциздің жойылуына байланысты бюджетке түсетін түсімдердің шығыстарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 7) 10-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға: жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға; арнаулы (түзету) білім беру ұйымдарын арнайы техникалық және орнын толтырушы құралдармен қамтамасыз етуге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің үлгілік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға; балаларды тестілеу пункттеріне жеткізуді, онда тамақтандыруды, және онда тұруын ұйымдастыруға; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді Интернетке қосуға және трафиктің ақысын төлеуге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердің кітапхана қорларын жаңарту үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға және жеткізуге; жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиялық кабинеттер құруға; кәсіптік бастауыш білім беретін мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға; облыстық (қалалық) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институттарында педагогика қызметкерлерін қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға; облыстық (қалалық) педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институттарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 8) 11-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне орта білім беретін мемлекеттік ұйымдардың кітапхана қорларын жаңарту үшін мемлекеттік тілді үйрену жөнінде оқу, анықтамалық және электрондық әдебиеттерді сатып алуға және жеткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 9) 12-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитын студенттерге стипендиялар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 10) 13-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тапсырысы негізінде кәсіптік орта оқу орындарында оқитындар үшін жол жүруге өтемақылар төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) 13-1-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік орта жалпы білім жүйесіне интерактивтік оқыту жүйесін енгізуге бөлінетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 11) 14-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне электрондық үкімет шеңберінде адам капиталын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 12) 15-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 13) 16-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа иммунобиологиялық препараттарды, оның ішінде: халыққа иммунды алдын алуды жүргізу үшін вакциналарды және басқа медициналық иммунобиологиялық препараттарды; туберкулезге қарсы препараттарды; диабетке қарсы препараттарды; онкологиялық ауруларға химиялық препараттарды; бүйрегі жетімсіз ауруларға дәрілік заттарды, диализаторларды, шығыс материалдарын және бүйрегі трансплантацияланғаннан кейінгі аурулар үшін дәрілік заттарды; лейкемиямен ауыратын балалар үшін дәрілік заттарды; АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын балаларды емдеу үшін дәрілік заттарды сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 14) 17-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасындағы ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 15) 18-қосымшаға сәйкес жергілікті деңгейдегі қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 16) 19-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде кәсіптік орта білім беру ұйымдарында оқыту және қосымша оқуға қабылдау құнының ұлғаюы жөніндегі шығыстарды өтеуге; медицина кадрларының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы менеджерлердің біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға; созылмалы ауруларды амбулаториялық емдеу кезінде диспансерлік есепте тұрған балалар мен жасөспірімдерді дәрілік заттармен қамтамасыз етуге; азаматтардың жекелеген санаттарын амбулаториялық емдеу деңгейінде жеңілдікті жағдайларда дәрілік заттармен қамтамасыз етуге; облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға; бастапқы медициналық-санитарлық көмектің медициналық ұйымдарын штаттық нормативтерге сәйкес медицина кадрларымен жасақтауға және жалпы практика дәрігерлері жүйесін дамытуға; құрылатын ақпарат-талдау орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге; шолғыншы эпидемиологиялық қадағалау жүргізу үшін тест-жүйелерді сатып алуға; 5 жасқа дейінгі балаларды амбулаторлық емдеу деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге; жүкті әйелдерді құрамында темір және йоды бар препараттармен қамтамасыз етуге; азаматтардың жекелеген санаттарын профилактикалық медициналық тексеруді жүзеге асыруға; жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға көзделген ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 17) 20-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жайластыруға инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және берілетін нысаналы даму трансферттерінің сомасын бөлу; 18) 21-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес нөлдік сыйақы (мүдде) ставкасы бойынша тұрғын үй салуға берілетін бюджеттік кредиттердің сомасын бөлу; 19) 22-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу; 20) 23-қосымшаға сәйкес облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтардың телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуін өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттердің сомасын бөлу бекітілсін. 5. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 2007 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған (екінші кезең) орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысының 4 және 5-бөлімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 2007 жылғы 10 ақпанға дейінгі мерзімде концессиялық жобаларды бағалауға және сараптауға арналған қаражатты пайдалану тәртібі және бөлу туралы шешімдердің жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 6. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Республикалық ұланымен (келісім бойынша) бірлесіп, 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде әскери қызметшілерге 1997-1998 жылдардың сыйлықақы төлемдерін төлеу тәртібін бекіту туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2007 жылғы 29 қаңтарға дейінгі мерзімде: 1) ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялау; 2) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) бесінші абзацты қоспағанда, осы қаулының 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану; 4) республикалық меншіктегі сумен жабдықтаудың инфрақұрылымдық желілерінің жұмыс істеуіне мемлекеттік қолдау көрсету тәртібі туралы шешімдердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісім бойынша 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде 3-қосымшаға сәйкес ауыз сумен жабдықтау, гидротехникалық құрылыстар, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы бекітіп беру туралы шешімдерді бекітсін. 9. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2007 жылғы 16 қаңтарға дейінгі мерзімде облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің мұқтаж мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтер көрсетуіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 10. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі: 1) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде «2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес заңды тұлғалардың тізбесін және берешектің көлемін айқындау туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін; 2) ай сайын, есептіден кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне инвестициялық жобалар бөлінісінде 3-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттік даму бағдарламаларының атқарылуы туралы ақпарат берсін. ҚР Үкіметінің 2007.26.04. № 332 Қаулысымен 3) тармақшамен толықтырылды 3) 2007 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен 25000000000 (жиырма бес миллиард) теңгеден аспайтын сомаға алынған қарыз бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын өтеуді жүзеге асырсын. ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі: 2007 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалануы туралы шешімнің жобасын; 2007 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде білім беру объектілерін салу үшін аванстық төлем төлеуге көзделген бюджет қаражатын пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 2007 жылғы 10 қаңтарға дейінгі мерзімде осы қаулының 4-тармағының 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 13. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі 2007 жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде 2006-2007 жылдардағы жылыту маусымында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын электрмен тұрақты жабдықтауды қамтамасыз ету мақсатында энергия өндіретін ұйым үшін отын жеткізу жөніндегі шығындарды өтеу тәртібі туралы шешімнің жобасын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін. 14. Жергілікті атқарушы органдар 2007 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде 3-қосымшада көзделген ауыз сумен жабдықтау, білім беру, денсаулық сақтау және мектепке дейінгі ұйымдар объектілерін салуға және қайта жаңартуға арналған конкурстық рәсімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін. 15. Орталық атқарушы органдар 2007 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныстар енгізсін. 17. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 64 (бұр.ред.қара); 2007.15.03. № 195 (бұр. ред. қара); 2007.29.05. № 438 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2007.12.07. № 596 Қаулысымен 1-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.17.08. № 704 (бұр.ред.қара); 2007.10.09. № 784 (бұр.ред.қара); 2007.06.10. № 912 (бұр.ред.қара); 2007.12.10. № 931 (бұр.ред.қара); 2007.30.10. № 1010 (бұр.ред.қара); 2007.13.11. № 1079 (бұр.ред.қара); 2007.15.11. № 1085 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 1-қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы № 1204 қаулысына 1-қосымша
2007 жылға арналған республикалық бюджет
___________________________________________________________________ Санаты Атауы Сомасы, Сыныбы мың теңге Ішкі сыныбы Ерекшелігi ___________________________________________________________________ 1 2 3 ___________________________________________________________________ І. Кірістер 2220421435 1 Салықтық түсімдер 1621664278 01 Табыс салығы 729985558 1 Корпорациялық табыс салығы 729985558 01 Резидент заңды тұлғалардан алынатын 507588258 корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа 02 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын 132431900 корпоративтік табыс, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа 03 Резидент заңды тұлғалардан алынатын, төлем 11614400 көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа 04 Резидент емес заңды тұлғалардан алынатын, 78351000 төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерден басқа 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 724935545 салынатын ішкі салықтар 1 Қосылған құн салығы 635864968 01 Қазақстан Республикасының аумағында 131730641 өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығы 02 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 308172484 және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығынан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы 04 Резидент емес үшін қосылған құн салығы 31128843 05 Ресей Федерациясының аумағынан шығарылатын 164833000 және импортталатын тауарларға салынатын қосылған құн салығы 2 Акциздер 20477952 14 Қазақстан Республикасының аумағына импортта- 6371 латын этил спиртінің көлемдік үлесі 1,5-тен 12 процентке дейінгі градусы аз ликер-арақ бұйымдары 29 Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнай, газ конденсаты 856876 |