Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1384 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 528 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Жұмабаева Бақытжан Сапарғалиқызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік нормативтер және мүгедектерді оңалту департаментінің мүгедектерді оңалту және әлеуметтік қызметтерді дамыту бөлімі бастығының міндетін атқарушы, хатшы |
Аманбаев Әли Әбілдаұлы | - Алматы қалалық мүгедектер қоғамы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) |
Мұнбаев Марат Мұханұлы | - Астана қаласы мүгедектер қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша) |
Омарбеков Иран Елубайұлы | - «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша); |
мына:
«Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, төрағаның орынбасары» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Әбдіхалықова Гүлшара Наушақызы | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары»; |
көрсетілген құрамнан Рамазанова Динара Қайырбекқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |