Кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 582 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың нысаны бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (C.М. Өмірбаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице - министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2007 жылғы 29 қарашадағы
№ 582 бұйрығымен бекітілген
Кәсіптік практиканы өткізуге арналған
үлгілік шарттың нысаны
___________________________________________________________________
бірінші тараптың білім беру ұйымының атауы
___________________________________________________________________
(басшысының немесе басқа уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
екінші тараптан заңды тұлғанын атауы
___________________________________________________________________
(басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
___________________________________________________________________
төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. Білім беру ұйымдары міндеттенеді:
1. Кәсіптік практиканың басталуынан екі ай бұрын (мекемеге, ұйымға) кәсіптік практика бағдарламаны практикадан өтудің күнтізбелік кестесін және білім алушы практиканттардың санын келісу кәсіпорынға үшін ұсыну.