|
|
|
Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен; 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
«Сыртқы экономикалық қызметке катысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылаудың фирмаішілік жүйелеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 631 бұйрығын қараңыз
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1375 қаулысымен бекітілген
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын көздейді: 1) бұйрық (өтініш, меморандум) нысанында көрініс табатын экспорттық бақылау талаптарын сақтау жөніндегі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) міндеттемелері; 2) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары; 3) басқа бөлімшелермен олардың өзара іс-қимылы тәртібін көрсете отырып, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылауының ұйымдастырушылық құрылымының, сондай-ақ өнімді жеткізуге арналған тапсырыстарды өңдеудің схемасы; 4) сыртқы экономикалық қызметтің мәселелерімен айналысатын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) персоналын оқыту жоспары; 5) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жоспары; 6) экспорттық бақылауға жататын өніммен сыртқы экономикалық мәмілелерді есепке алу жүйесі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |