Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң кейбір (2007.18.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 жылғы 5 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Шағын бизнестi қолдау жөніндегі комитетi, осы Комитеттiң штат саны мен мемлекеттік мүлкi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң орталық аппаратына берiле отырып, таратылсын. ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 3-тармақ толықтырылды 3. Мыналар: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестіктi қорғау комитетiн және оның аумақтық бөлімшелері; ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетi Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi болып қайта аталсын. 5. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi туралы ереже; ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда қызметін реттеу комитетi туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Бәсекелестiктi қорғау комитетi туралы ереже; 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi туралы ереже; 5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Техникалық реттеу және метрология комитетi туралы ереже; 6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Инвестиция комитетi туралы ереже; 7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі комитеттерiнiң құрылымы; 8) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi; 9) ҚР Үкіметінің 2006.02.08. № 730 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.06. № 509 қаулысымен 9-1-тармақшамен толықтырылды 9-1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелерінің тізбесі; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 589 (бұр.ред.қара); 2007.09.04. № 280 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10) тармақша өзгертілді 10) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту, Техникалық реттеу және метрология, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi, Сауда қызметін реттеу комитеттерiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 7. Мыналарға: ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 1) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiне үш орынбасары болуына; 2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 3) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестіктi қорғау комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 4) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Сауда қызметін реттеу комитетiнiң төрағасына бір орынбасары болуына; ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) 5) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiнiң төрағасына үш болуына; 6) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң төрағасына екi орынбасары болуына; 7) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгі Инвестиция комитетiнiң төрағасына бір орынбасары болуына рұқсат етiлсiн. 8. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігін ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру 2004 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерiнен Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгіне берiлетiн функцияларды ұстауға, сондай-ақ қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөнiндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен берiлетiн штат санының шегiнде жүзеге асырылады деп белгіленсiн. 9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрлiктерi, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі, Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiктерi берiлетiн функциялар шеңберiнде Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Жарлыққа қол қойылған күнi берiлетiн бөлiмшелер қызметкерлерiнiң пайдалануындағы мемлекеттік мүлiктi қоса алғанда, құрылымдық бөлiмшелердi берудi қамтамасыз етсiн. 10. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 1) "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмнiң тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгінiң Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi"; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс істерi жөніндегі комитетi» деген бөлiмнiң тақырыбындағы «Құрылыс» деген сөзден кейiн «және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жөніндегі" деген сөз алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгі" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 528-жол алынып тасталсын; 2) "Республикалық меншiктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 205-12-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 235-жол алынып тасталсын; "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Құрылыс iстерi жөніндегі комитетi" деген бөлiмнiң тақырыбындағы "Құрылыс" деген сөзден кейiн "және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" деген сөздермен толықтырылсын, мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жөніндегі" деген сөз алынып тасталсын. 11. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 12. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) индустриялық, оның iшiнде елдiң қорғаныс-өнеркәсiптiк, ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласында, сондай-ақ сауда қызметін, кәсiпкерлiктi дамыту және бәсекелестiктi қорғау, құрылыс, сәулет, қала құрылысы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, техникалық реттеу және өлшемдер бірлiгiн қамтамасыз ету, экономиканың шикiзаттық емес секторындағы жеке инвестицияларды ынталандыру үшiн қолайлы жағдайлар жасау саласында мемлекеттік саясатты әзiрлеу және нормативтiк құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитетi органдарында шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. Министрлiктiң мынадай ведомстволары бар: Өнеркәсiп және ғылыми-техникалық дамыту комитетi, Сауда қызметін реттеу комитетi, Бәсекелестiктi қорғау комитетi, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетi, Техникалық реттеу және метрология комитетi, Инвестиция комитетi. Министрлiк өзiнiң қарамағындағы ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi және бақылауды жүзеге асырады. 4. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 6. Министрлiктiң толық атауы: "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Министрлiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Министрлiктiң негізгi мiндеттерi 10. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi: 1) индустриялық дамудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның iшiнде барынша терең технологиялық қайта бөлулердi енгізу және шикiзат ресурстарын ұтымды пайдалану негiзiнде елдiң индустриялық дамуы үшiн қажеттi жағдайлар жасау; 2) елдiң ғылыми-техникалық және инновациялық дамуының мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның iшiнде ғылыми-техникалық жоғары технологиялық өндiрiстердi қалыптастыру негiзiнде елдiң экономикасын дамыту үшiн жағдайлар жасау; 3) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру; үй-коммуналдық саланы дамыту мен реформалау үшiн жағдайлар жасау; 5) техникалық реттеу мен өлшемдер бірлiгiн дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; 6) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, оның iшiнде сауда қызметiн дамыту үшiн жағдайлар жасау; ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 9) жеке кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдау және бәсекелестікті қорғаудың, оның iшiнде монополистік қызметтi шектеу және терiс пиғылды бәсекелестiктiң жолын кесу, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы кәсiпкерлiктi, инновациялық қызметтi дамыту, ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыру жолымен мемлекеттік саясатты қалыптастыру; 10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру, оның iшiнде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау; 11) экономиканың шикiзаттық емес секторына инвестициялар тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. 11. Министрлiк өз құзыретi шегінде және заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай стратегиялық функцияларды жүзеге асырады: ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) индустриялық даму, оның iшiнде кен-металлургия, химия, өңдеу, фармацевтика мен медицина өнеркәсiбi, өнеркәсiптiң iрi ауыл шаруашылығы машиналарын жасау мен қорғаныс өнеркәсiбi салаларында, сондай-ақ сауданы дамыту, құрылыс пен тұрғын үй-коммуналдық сала, техникалық реттеу және өлшемдер бірлiгi, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 805 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді әзірлеу және жүзеге асыру, инвестицияларды тартуға және бәсекелестікті қорғауға жәрдемдесу; 3) Министрлiк пен оның ведомстволық бағыныстағы комитеттерінің құзыретiне кiретiн бағыттар бойынша мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламаларды әзiрлеу және олардың орындалуын үйлестіру; 4) Министрлiктiң және оған ведомстволық бағынысты комитеттердiң қарауына белгіленген саланың барлық мәселелерi бойынша норма жасау қызметiн жүзеге асыру; 5) республикалық бюджет пен индикативтік жоспарлаудың болжамдық көрсеткiштерiн әзiрлеуге қатысу; 6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау, жұмылдыру даярлығы мен жұмылдыру саласындағы заңдарының және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету; 7) өз құзыретi шегінде реттелетiн салаларда бәсекелестiк ортаны дамытуға жәрдем көрсету; ҚР Үкіметінің 2005.24.08. № 871 (бұр. ред. қара); 2007.29.05. № 436 қаулыларымен 8) тармақша өзгертілді 8) индустриялық және ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласындағы стратегиялық функциялар: индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру жөніндегі iс-қимылдардың салааралық жоспарларын әзiрлеудi жүзеге асыру; жоғары қосылған құны бар өндiрiстердi дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу және үйлестіру; жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу және үйлестiру; қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және үйлестiру; экспорттық бақылау жүйесiнiң мемлекеттік саясатын әзiрлеу және үйлестiру; инвестициялық және инновациялық әлеует тұрғысынан экономиканың басым салаларына iрiктеу жүргiзу; Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық және инновациялық, оның iшiнде өнеркәсiп саласындағы дамуының негiзгi бағыттары мен болжамдарын әзiрлеу; қорғаныс өнеркәсiбiн дамыту бағдарламаларын және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру; ұлттық мүдделерге және елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұзақ мерзiмдi мақсаттарына сәйкес ғылыми-техникалық дамудың қолданбалы зерттеулерiнiң басым бағыттарын айқындау; қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын, инновациялық бағдарламаларды қалыптастыру; салааралық инновациялық бағдарламаларды, инновацияларды және инновациялық қызметтiң Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн стратегиялық маңызы бар мамандандырылған субъектiлерiн құру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; үлгілік құжаттардың нысандарын, мемлекеттік сараптаманы ұйымдастыру және жүргiзу тәртібін, инновациялық жобаларды конкурстық iрiктеуге және қаржыландыруға арналған ережелердi әзiрлеу; елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiру; әскери және қосарлы мақсаттағы өнiмдi жасаудың, өндiрудiң және жоюдың ағымдық және ұзақ мерзiмдiк бағдарламаларының iске асырылуын бақылауды жүзеге асыру бойынша шаралар әзiрлеу; мемлекеттік органдардың инновациялық қызметтi дамыту және ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру жөнiндегі қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету; ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi құру және дамытуға бағытталған ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушы ұйымдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзетiн ғылыми, конструкторлық, технологиялық және инновациялық жұмыстардың жүргізiлуiн үйлестiрудi қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасында дамытылатын басым жоғары технологиялық өндiрiстердiң тiзбесiн бекіту; жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алынған тауарлар, жұмыстар және қызметтер туралы есебінің нысанын және алдағы жылға тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алудың жылдық бағдарламасын бекіту 9) сауданы және бәсекелестiктi дамыту саласындағы стратегиялық функциялар: сауда қызметi саласына талдау жүргiзу, сыртқы сауданы дамыту саласындағы басымдықтарды айқындау; сауда қызметiн дамыту және ұлттық өндiрiс пен тауарларды сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеу және оның iске асырылуын үйлестiру; орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастыққа, Бiрыңғай экономикалық кеңiстікке, Шанхай ынтымақтастық ұйымына және өзге де халықаралық сауда-экономикалық ұйымдар мен одақтарға мүшелiгi мәселелерi жөніндегі саясатты әзiрлеу мен жүргiзудегi қызметiн үйлестiрудi қамтамасыз ету; бәсекелестiк ортаға талдау жүргiзу; сауда қызметiн дамыту және ұлттық өндiрiс пен тауарларды сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiру; бәсекелестiктi дамыту және қорғау мәселелерi бойынша мемлекеттік саясатты iске асыруды үйлестiру; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 805 қаулысымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 10) жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту әрі жеке сектордың инвестициялық белсенділігі саласындағы стратегиялық функциялар: шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларын орындауды ұйымдастыру және үйлестіру; жеке сектордың инвестициялық белсенділігін ынталандыру және Қазақстан Республикасындағы инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды әзірлеу және үйлестіру; жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлеу; кәсіпкерлік ортаға, жеке кәсіпкерлікті дамытудың инвестициялық ахуалына және инфрақұрылымына талдау жүргізу; жеке кәсіпкерлік қызметінің салаларында зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру; республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыруға және дамытуға ықпал ету; шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру; инвестициялық міндеттемелердің орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнінде шаралар әзірлеу; инвестицияларды өзара қорғау және көтермелеу мәселелері жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту бөлігіндегі инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ инвестициялық преференцияларды беру үшін қызметтің басым түрлерінің тізбeciн айқындау; орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сараптамалық кеңестердің қызметін үйлестіру; инновациялық, инвестициялық және индустриялық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда шағын кәсіпкерліктің қатысуы үшін жағдай жасау; жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мәселелеріндегі инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жағдай жасау; шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастыру; жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) халықаралық нарығына шығуы үшін жағдай жасау; жеке кәсіпкерлікті дамыту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты насихаттау; 11) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саясаты, тұрғын үй-коммуналдық сала аясындағы стратегиялық функциялар: сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру; құнды сәулет-қала құрылысы мұраларын сақтауды, сәулет пен қала құрылысындағы ұлттық және мәдени дәстүрлердi дамытуды ескере отырып, аумақтар мен елдi мекендердi игерудiң және дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық саланы мемлекеттік реттеу әдiстерiн әзiрлеу; сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық сала аясындағы мемлекеттік саясатты iске асыруда салааралық үйлестiру және басшылық жүргiзу; 12) техникалық реттеу және өлшемдер бірлiгi саласындағы стратегиялық функциялар: техникалық реттеудiң, өлшемдер бірлiгiнiң мемлекеттік жүйесiн дамытудың басым бағыттарын қалыптастыру; техникалық реттеу, өлшемдер бірлiгi саласында халықаралық талаптарға сәйкес бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру; Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен үйлестiрілген стандарттарды әзiрлеу жөніндегі қызметті үйлестiрудi жүзеге асыру; техникалық реттеу және өлшемдер бірлiгi саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлеу; 13) ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 14) осы саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мақсаттары үшін түсті және қара металдар рыногының тұрақты мониторингін қамтамасыз ету. 12. Министрлiктiң, өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен: ҚР Үкіметінің 2006.27.06. № 589 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметіне индустрияны, сауданы, құрылысты, тұрғын үй-коммуналдық саланы, техникалық реттеу мен өлшемдер бірлiгiн дамыту, кәсiпкерлiктi мемлекеттік қолдау мен бәсекелестiктi қорғау, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, елдiң инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттары бойынша ұсыныстар енгізуге; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 805 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 2) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін заңнамасының бұзылуы туралы ақпарат беруге; 3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұратуға және алуға; 4) нормативтік құқықтық кесімдер шығаруға; 5) халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келісімдер жасасуға; 6) мемлекет атынан тараптардың бірi ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге; 7) сараптамалар және консультациялар жүргiзу үшiн мемлекеттік және өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға; 8) консультативтiк-кеңесу, оның iшiнде ведомствоаралық органдарды құруға; 9) Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын сауда-экономикалық шарттары мен келісімдерi бойынша ұсыныстар енгізуге; 10) салық салу жүйесiн жетілдiру, оларды қолдауды қамтамасыз ету мақсатында кәсiпкерлiк субъектілерiне қатысты қаржылық және кредиттік саясатты өзгерту жөнiнде ұсыныстар енгізуге; |