Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2007 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПY КЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы ережеде: 10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының жасалуын мемлекеттік бақылау; жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерінің сақталуын бақылау»; 2) «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 1240 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдар, көлік құралдары мен жүктер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтетін кезде оларды өткізу пункттерінде бақылауды жүргізу тәртібі туралы нұсқаулықта: 23-тармақта: 1) тармақшадағы «жүргізушілердің еңбек ету және демалу режимінің есебін тіркеу парағының,» деген сөздерден кейін «тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру және/немесе автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарының,» деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы «рұқсат қағазы» деген сөздерден кейін, тасымалдаушының жолаушылар алдындағы және/немесе көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
|