ҚР Қаржы министрінің 2008 жылгы 25 желтоқсандағы № 611 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген
Резидент еместердің төлем көзінен ұсталатын жеке
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) сәйкес әзірленген және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы сомаларын есептеуге арналған Резидент еместердің төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы сомасының есебін (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті Салық кодексінің 188-бабына сәйкес салық агенттері жасайды. 2. Есеп осы Есептің (201.01-нысан) өзінен және төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы салынатын объектілер туралы ақпаратты қамтитын жөніндегі қосымша нысандардан тұрады. 3. Есеп қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қалам немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады. 4. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 6. Қосымша нысан(дар)да көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша нысан(дар) берілмейді. 7. Тиісті қосымша нысан(дар)да көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдарды толтырған кезде көрсетілген қосымша нысан(дар) толтыруға жатады. Есепке 1-6 қосымша нысандар салық кезеңінің әр бір айы бойынша жеке толтырылады. Бұл ретте қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде салық кезеңінің қай айы үшін осы нысан толтырылатыны көрсетіледі. 8. Қосымша нысанның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда қосымша нысанның осындай парағы толтырылады. 9. Қосымша нысандардың «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі. Салық есептілігі нысанының кейінгі парақтарында «СТН» және «салық кезеңі» жолдарын толтырған кезде бұл жолдар осы тармаққа сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|