|
|
|
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы (2013.05.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 419 бұйрығын қараңыз
«Экспорттық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 каңтардағы № 70 қаулысымен бекітілді
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады. 4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді. ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.05.06. № 574 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет: 1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі рұқсат алуға өтініш; 2) заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмесі; ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады. 3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат; 4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік; 5) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәлік; 6) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, өнімді қайта өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі; 7) салыстыра тексеру үшін түпнұсқаны бере отырып, «Тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс қайта өңдеудің және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны беру, оған өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ оны кері қайтарып алу (жою) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 73 қаулысына сәйкес тиісті құзыретті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды аумақтан тыс жерде және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың көшірмесі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, көрсетілген құжатты ұсыну талап етілмейді; 8) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат алуға арналған құжат туралы мәліметтер нысаны. 7. Рұқсат беру үшін уәкілетті органға берілген барлық құжаттар тізілім бойынша қабылданады, оның көшірмесі көрсетілген органның құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі соғылып, өтініш берушіге жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Рұқсатты осы Ереженің 6-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган береді. Уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзім ішінде рұқсат береді не бас тарту себептері туралы дәлелді жауап береді. Егер уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге рұқсат бермеген не рұқсат беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда, онда оларды беру мерзімдері өткен күнінен бастап рұқсат берілді деп есептеледі. Уәкілетті орган рұқсат беру мерзімі өткен сәттен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті рұқсат береді. ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Егер: 1) өтініш берушілердің осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған; 2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжаттар берілмеген. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпыға бірдей негізде қаралады; 3) өтініш берушіге қатысты оған жекелеген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын соттың шешімі заңды күшіне енген; 4) өтініш беруші мәліметтер нысанында дұрыс емес және (немесе) толық емес ақпаратты көрсеткен жағдайларда рұқсат беруден бас тартылады. 10. Егер рұқсат осы Ережеде белгіленген мерзімде берілмесе немесе рұқсат беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бүл әрекеттерге шағым жасауға құқылы. 11. Рұқсат өтініш берушіге әрбір жекелеген мәміле бойынша екі жылдан аспайтын кезеңге беріледі. Рұқсат келісім-шартқа (шартқа) енгізілген тауарлар атауларының санына қарамастан, он таңбалы кодты көрсете отырып, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасына сәйкес тауардың бір атауына ресімделеді. ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Рұқсат берілгеннен кейін берілген рұқсат туралы ақпарат мемлекеттік ақпараттық ресурстарда ресімделеді. Уәкілетті орган рұқсатты куәландыратын уәкілетті адамдар қолтаңбаларының және мөр бедерлерінің үлгілерін кеден органдарының назарына жеткізеді.
13. Рұқсат бланкілері қатаң есептілік құжаттары болып табылады. Рұқсат бланкілерінің берілуі арнайы журналда есепке алынады. 14. Рұқсаттар тізілімін жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 1-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара) Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 1-қосымша
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 2-қосымша
Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге РҰҚСАТ БЕРУГЕ ӨТІНІШ
ҚР Үкіметінің 2013.19.04. № 379 Қаулысымен 3-қосымшамен толықтырылды Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесіне 3-қосымша
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта
1. Егер қызмет мәні ішкі нарықта өндіру, сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын өнім болып табылса, қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензия: 1) лицензияның атауы __________________________________________________________________________________; 2) лицензияның нөмірі __________________________________________________________________________________; 3) лицензияны беру күні (жылы/күні/айы) __________________________________________________________________; 4) лицензия берген мемлекеттік орган _____________________________________________________________________.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |