Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 9-бабына сәйкес қаулы етемін: 1. Астана қаласында "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" (бұдан әрi - Мұражай) мемлекеттік мекемесi құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Мұражайдың Жарғысы бекітілсiн. 3. Мұражайдың штат саны 40 адам болып белгiленсiн. 4. Мұражай құрамында Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты айқындалсын. 5. Мұражай директорын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады деп белгiленсiн. 6. Қазақстан Республикасының ?кіметі: 1) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 18 қаңтардағы № 67 қаулысымен құрылған "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесiн, оның мүлкiн Мұражайға бере отырып, таратсын; 2) бiр ай мерзiмде Мұражайдың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы Жарлықтан туындайтын басқа да шаралар қолдансын. 7. Қазақстан Республикасы Президентiнің Iс басқармасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Мұражайдың 473000, Астана қаласы, Бейбiтшілiк көшесi, 11-үй мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының ғимаратында орналасуын қамтамасыз ететiн болсын. 8. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|