|
|
|
Оператор-компанияны айқындау ережесін бекіту туралы (2009.30.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 791 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған оператор-компанияны айқындау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген
Оператор-компанияны айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Оператор-компанияны айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймаққа (бұдан әрі - АЭА) қатысушыларды тарту үшін оператор-компанияны айқындаудың, қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін оларды инфрақұрылымдық ресурстармен және өзге де жағдайлармен тиімді қамтамасыз етудің тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар және терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады. 3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес оператор-компанияны айқындаған кезде қолданылмайды.
2. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі
4. Уәкілетті орган конкурс өткізу жолымен оператор-компанияны айқындайды. 5. Конкурсты өткізу үшін уәкілетті орган конкурстық комиссияны қалыптастырады. Конкурстық комиссия әрбір конкурсқа жеке құрылады. 6. Конкурстық комиссияның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурстық комиссия мүшелері кіреді. Комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. 7. Конкурстық комиссия уәкілетті орган конкурстық комиссия құру туралы, конкурсты ұйымдастыру және өткізу туралы шешім қабылдаған сәттен бастап уәкілетті орган мен оператор-компанияның арасында жасалатын шарт күшіне енгенге дейін әрекет етеді. 8. Конкурстық комиссия уәкілетті органның, қажет болған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен құрылады. Уәкілетті органда салалық бағыттылығы мен құзыретіне байланысты мәселелер туындаған жағдайда конкурстық комиссия құрамына орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізіледі. 9. Конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасары міндетті түрде енгізіледі. Конкурстық комиссияның төрағасы уәкілетті органның басшысы болып табылады. Ол болмаған жағдайда төрағаның өкілеттігі уәкілетті орган басшысының орынбасарына жүктеледі. 10. Конкурстық комиссияның дербес және сандық құрамы конкурс өткізілгенге дейін уәкілетті органның шешімімен бекітіледі. Конкурстық комиссия мүшелерінің саны тақ саннан құралуы және бес адамнан кем болмауы тиіс. 11. Конкурстық комиссияның хатшысы: 1) әлеуетті оператор-компаниялардан конкурстық ұсыныстары бар конверттерді қабылдайды; 2) конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстар, сондай-ақ басқа да қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және отырыс өткізілгеннен кейін оның хаттамасын ресімдейді; 3) келіп түскен конкурстық ұсыныстарды және әлеуетті оператор-компаниялардың конверттерді ашу рәсіміне қатысуға тілек білдірген уәкілетті өкілдерді тіркеу журналын жүргізеді. Журналдарда әлеуетті оператор-компанияның конкурстық ұсыныстары бар конверттерді беруінің уақыты мен күні, әлеуетті оператор-компанияның уәкілетті өкілінің (конкурстық ұсыныстары бар конвертті беруші және конкурсқа қатысушы адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Уәкілетті орган конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында, сондай-ақ республикалық және (немесе) шетелдік мерзімді баспа басылымдарында оператор-компанияны айқындау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді: 1) уәкілетті органның, АЭА-ның атауы мен орналасқан жерін; 2) АЭА туралы егжей-тегжейлі ақпаратты алу орны мен тәсілдерін; 3) конкурстық ұсыныстарды ұсыну орны мен түпкілікті мерзімін, сондай-ақ конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу орнын, күнін және уақытын қамтуы тиіс.
3. Оператор-компанияға қойылатын біліктілік талаптары
13. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті оператор-компания мынадай біліктілік талаптарына сәйкес болуы тиіс: 1) уәкілетті органмен шарт жасасу үшін құқықтық қабілетке ие болуы; 2) АЭА-ның даму стратегиясын іске асыру үшін жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстарға ие болуы; 3) төлем қабілетінің болуы, конкурстық ұсыныстарды беру күніне мерзімі үш айдан аспайтын салықтық берешегінің және кедендік төлемдері мен салықтар бойынша берешектерінің болмауы; 4) банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы; 5) АЭА-ның оператор-компаниясы ретінде кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. АЭА-ның оператор-компаниясы ретінде әлеуетті оператор-компанияның жұмыс тәжірибесі болмаған жағдайда әлеуетті оператор-компания мамандарының (қызметкерлерінің) кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуына рұқсат етіледі. Мамандардың (қызметкерлердің) саны үштен кем болмауы тиіс, олардың біреуі басшы қызметті атқаруы тиіс.
4. Конкурстық ұсыныстардың мазмұны және оларды ұсыну
14. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті оператор-компания ұсынатын конкурстық ұсыныс мыналарды қамтуы тиіс: 1) осы Ережеге қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім; 2) әлеуетті оператор-компанияға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын мынадай құжаттардың тізбесі: заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі; жарғының және/немесе құрылтайшы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; әлеуетті оператор-компанияның конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдың ішінде банктің (банктердің) (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда осы анықтама мұндай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) алдында мерзімі өткен берешектің жоқ екендігі туралы банктің (банктердің) мөрі бар бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған банктің (банктердің) анықтамасының түпнұсқасы; соңғы қаржылық жыл үшін бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның, сондай-ақ бас бухгалтердің (бухгалтердің) қолы қойылған бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы отызыншы сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жыл үшін бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады; бухгалтерлік теңгерімінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі мынадай жағдайда ұсынылмайды, егер: заңды тұлға ағымдағы қаржылық жылда құрылған болса; заңды тұлға өткен қаржылық жылы құрылса және конверттерді ашу ағымдағы жылғы отызыншы сәуірге дейінгі мерзімде жүргізілсе; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржылық жыл үшін аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылғы бірінші маусымға дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, онда соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жыл үшін аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады; аудитті жүргізу туралы есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі мынадай жағдайларда ұсынылмайды, егер: заңды тұлға ағымдағы қаржылық жылы құрылған болса; заңды тұлға өткен қаржылық жылы құрылса және конверттерді ашу ағымдағы жылғы бірінші маусымға дейінгі мерзімде жүргізілсе; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, конверттерді ашу күнінің алдындағы үш айдан кешіктірмей салықтық берешегінің және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегінің болмауы немесе бар болуы туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы осы салық органының мөрі басылған бірінші басшының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған анықтамасының түпнұсқасы; кедендік төлемдер және салықтар бойынша берешектерінің жоқтығы туралы осы кеден органының мөрі басылған бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолы қойылған тиісті кеден органының жазбаша растамасы. Егер, әлеуетті оператор-компания Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген болса, онда Қазақстан Республикасының салық органдарында салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелмегені туралы анықтамасының түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады. Қазақстан Республикасының резидент емесі болып табылатын әлеуетті оператор-компания мемлекеттік және/немесе орыс тіліне міндетті түрде нотариалды куәландырылған аудармасымен қоса санамаланған құжаттарды ұсынады. АЭА-ның оператор-компаниясы ретінде әлеуетті оператор-компанияның жұмыс тәжірибесінің болуын немесе АЭА-ның оператор-компанияларында жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандардың болуын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) АЭА-ның даму стратегиясы мыналарды қамтуы тиіс: іс-шаралар жоспарын; АЭА-ның бас жоспарын; АЭА-ны құруды және дамытуды қаржыландырудың тетіктері мен схемаларын, оның ішінде табысты қоса алғанда, оператор-компанияның шығындарын жабуды қаржыландыру схемаларын; тарту мерзімін көрсете отырып, тартылатын инвестициялардың ең аз кепілдік берілген көлемін; құрылатын жұмыс орындарының саны және сапасын кешенді талдауды; әлеуетті оператор-компания персоналының құзыреттілік әрі сәйкестік деңгейін талдауды; өндірістік қуаттардың кеңеюі салдарынан еңбек өнімділігінің өсуін, жаңа технологияларды енгізу мен оқшаулауды; күтілетін нәтижелерді (сапалық және сандық көрсеткіш). Сондай-ақ АЭА-ны дамыту стратегиясы осы Ереженің 25-тармағында санамаланған өлшемдерді ескере отырып, бағалау үшін қосымша мәліметтерден тұратын ақпаратты қамтуы тиіс. АЭА-ның даму стратегиясы мөрмен расталады және оны әлеуетті оператор-компанияның бірінші басшысы немесе оны алмастыратын адам бекітеді. 15. Конкурстық ұсынысты әлеуетті оператор-компания тігілген түрде, парақтарын нөмірлей және мөрмен растай отырып ұсынады. 16. Конкурстық ұсынысқа жолдар арасында қосу, өшіру немесе қосып жазу енгізуге тыйым салынады. 17. Әлеуетті оператор-компания конкурстық ұсыныстың түпнұсқасы мен әрбір көшірмесін оларды «Түпнұсқа» немесе «Көшірме» деп белгілей отырып, әр түрлі конверттерге салып мөрлейді. Олардың арасында алшақтықтар болған жағдайда түпнұсқа артықшылыққа ие болады. Бұдан кейін конверттер сыртқы конвертке салынып мөрленеді. Ішкі және сыртқы конверттер мынадай: 1) конкурсты өткізу туралы хабарлануда көрсетілген мекен-жай бойынша уәкілетті органға жіберілген болуы; 2) «АЭА-ның оператор-компаниясын айқындау жөніндегі конкурс» «___________» (АЭА атауы) және «________________________________ ге дейін ашпау керек» (конверттерді ашу күні мен уақыты) деген сөздерді қамтуы тиіс. 18. Әлеуетті оператор-компания өзінің конкурстық ұсынысын қайтарып алуға құқығы бар. Қайтарып алу туралы хабарламаны әлеуетті оператор-компания жазбаша нысанда, бірақ конкурстық ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімінен кешіктірмей жіберуі тиіс. 19. Конкурстық ұсыныстарды берудің түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурстық ұсынысқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
5. Конкурстық ұсыныстарды ашу, бағалау және салыстыру
20. Әлеуетті оператор-компаниялардың конверттерін ашу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті оператор-компанияның уәкілетті өкілі ашу кезінде (алдында) қатысуға сенімхат ұсынады. Ол болмаған жағдайда әлеуетті оператор-компанияның өкілі конверттерді ашу рәсіміне жіберілмейді, ал конкурстық ұсыныс ашылады. 21. Конкурстық комиссия берілген конкурстық ұсыныстары бар конверттердің түпнұсқасын белгіленген жерде және уақытта ашады. 22. Конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашу рәсімі бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы қол қоятын хаттаманы жасайды. 23. Конкурстық комиссия әлеуетті оператор-компаниялардың конкурстық ұсыныстарынан мынадай: 1) әлеуетті оператор-компания өзінің конкурстық ұсынысында сенімсіз ақпарат ұсынған фактіні анықтаған; 2) оператор-компания осы Ереженің 13-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес болмаған; 3) осы Ереженің 14-тармағында көрсетілген құжаттар болмаған және (немесе) оларды белгіленген талаптарды сақтамай ұсынған жағдайда бас тартады. 24. Ұсынылған конкурстық ұсыныстарды, егжей-тегжейлі қарау, объективті бағалау және салыстыру мақсатында конкурстық комиссия ұсынылған конкурстық ұсыныстарға байланысты түсіндірмелерді сұратуға құқылы. 25. Әлеуетті оператор-компаниялар тиісті біліктілік талаптарына сәйкес және қажетті құжаттары бар конкурстық ұсыныстарды берген жағдайда конкурстық комиссия мынадай өлшемдерді ескере отырып, жеңімпазды айқындайды, олар болған кезде мынадай балл беріледі: 1) АЭА аумағында өндірілетін болжанып отырған өнімнің ақшалай баламада көрсетілген экспорттың импортқа көлемін бөлу жолымен есептелетін экспорттың импортқа арақатынасының көрсеткіші (бұдан әрі - орташа көрсеткіш). Орташа көрсеткіші бірден жоғары әлеуетті оператор-компанияға, екі балл беріледі. Орташа көрсеткіші бірден төмен әлеуетті оператор-компанияға бір балл беріледі. 2) АЭА-ны инфрақұрылыммен қамтамасыз етудің ең қысқа мерзімі: екі жылға дейін - үш балл беріледі; екі жылдан үш жылға дейін - екі балл беріледі; үш жылдан жоғары - бір балл беріледі. 3) бір гектарға арналған ең жоғары инвестиция көлемі - бір балл беріледі. 4) сертификатпен расталған халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі - бір балл беріледі. 5) АЭА-ның оператор-компаниясы ретінде жұмыс тәжірибесі: бес жылға дейін - бір балл беріледі; бес жылдан жоғары - екі балл беріледі. 6) Құрылатын жұмыс орындарының кепілдені саны: елу жұмыс орнына дейін - бір балл беріледі; елуден жүзге дейінгі жұмыс орнына - екі балл беріледі; жүзден жоғары жұмыс орнына - үш балл беріледі. 7) АҚШ долларында мынадай көлемдерге баламалы теңгеде көрсетілген, АЭА аумағында шығарылатын өнімнің ең аз кепілді көлемі. елу миллионға дейін - бір балл беріледі; елуден жүз миллионға дейін - екі балл беріледі; жүз миллионнан жоғары - үш балл беріледі. 26. Аса жоғары жиынтық балл жинаған әлеуетті оператор-компания жеңімпаз болып табылады. Екі және одан да көп әлеуетті оператор-компанияларда жиынтық балл тең болған кезде жеңімпаз конкурстық комиссия мүшелерінің дауыс беруімен айқындалады.
6. Конкурсты өткізу қорытындыларын шығару
27. Конкурс комиссиясы конкурстық ұсыныстары бар конверттерді ашқан күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде конкурстың қорытындыларын шығарады. 28. Конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы конкурстық комиссияның хатшысы жасайды және оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы қол қояды. 29. Конкурс қорытындылары туралы хаттамаға өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 1) конкурсқа қатысуға тиісті біліктілік талаптарына сәйкес келетін кемінде екі әлеуетті оператор-компания конкурстық ұсыныстар берсе; 2) конкурсқа қатысуға мұндай жағдайда ашылмайтын және әлеуетті оператор-компанияға қайтарылатын бір конкурстық ұсыныс берілсе, конкурс өтпеген деп танылады. 31. Конкурсты өтпеді деп тану кезінде уәкілетті орган он жұмыс күні ішінде қайта конкурс өткізу туралы хабарлайды. 32. Қайталама конкурс өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті орган конкурсты өткізбей-ақ, оператор-компанияны айқындауға құқылы. Әлеуетті оператор-компания осы Ереженің 13-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі және осы Ереженің 14-тармағында көзделген барлық қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.
33. Уәкілетті орган конкурс қорытындылары бойынша жеңімпаз деп танылған әлеуетті оператор-компанияға қорытынды шығарылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкілетті орган мен оператор-компания арасындағы үлгі шарт негізінде жасалған шарт жобасын жібереді. 34. Конкурс қорытындылар бойынша жеңімпаз деп танылған оператор-компания шарт жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шартқа қол қояды немесе келіспеушіліктердің орын алғаны туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартуы туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлайды. Оператор-компания шартқа қол қоюдан бас тартқан кезде уәкілетті орган мыналармен: конкурсқа қатысқан өзге де әлеуетті оператор-компаниялар арасында барынша көп балл жинаған әлеуетті оператор-компаниямен; конкурсқа екіден аспайтын әлеуетті оператор-компания қатысқан жағдайда қалған әлеуетті оператор-компаниямен шарт жасасуға құқылы. 35. Шарт конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап отыз күнтізбелік ішінде жасалады.
айқындау ережесіне қосымша
Кімге ___________________________________________ (уәкілетті органның атауы) Кімнен __________________________________________ (әлеуетті оператор-компанияның атауы)
Конкурсқа қатысуға өтінім
_____________________________________________________ (АЭА атауы) арнайы экономикалық аймағының аумағындағы қызметті жүзеге асыру үшін оператор-компанияны айқындау бойынша конкурсқа қатысуға ұсынысын қарап, _____________________________________________________ (әлеуетті оператор-компанияның атауы) «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оператор-компанияның функцияларын орындау үшін өз қызметтерін ұсынады. _____________________________________________________ _____________________________________________________ _____________________________________________________ Осы конкурстық өтінім мыналарды қамтиды: 1. __________________________________________________ 2. __________________________________________________ 3. __________________________________________________ 4. __________________________________________________ 5. __________________________________________________ 6. __________________________________________________ 7. __________________________________________________ 8. __________________________________________________ 9. __________________________________________________ 10. _________________________________________________ _______________ _________________ (Қолы, күні) (лауазымы, Т.А.Ә.)
М.О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |