|
|
|
Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері (2014.31.07. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2008.17.07. № 702 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Нарыққа реттеушілік ықпал жасау мақсатында 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға көзделген резервінен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне осы қаулыға қосымшаға сәйкес мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сатып алуға, сақтауға, тасымалдауға және шығаруға 1 270 188 800 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз) теңге сомасында қаражат бөлінсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 3. ҚР Үкіметінің 2014.31.07. № 860 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Орталық атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына қосымша
ҚР Үкіметінің 2008.19.02. № 159-1 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара); 2008.17.07. № 702 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемі
Ескертпе: Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда қызметін реттеу комитеті кестеде көрсетілген тауарлардың апталық қажеттілігін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген (1270188800,00 (бір миллиард екі жүз жетпіс миллион бір жүз сексен сегіз мың сегіз жүз теңге) қаражаттан материалдық құндылықтарды сақтауға, орнын ауыстыруға және шығаруға 13001565,00 теңге пайдалану көзделіп отыр.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |