Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекіту туралы
2006 жылғы 7 шілдедеғі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесін бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының м. а. 2007 жылғы 13 шілдедегі № 233 бұйрығымен бекітілген
Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарымен бес жылдық кезеңге арналған осы ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару міндеттері және оларды орындау жөніндегі іс-қимыл жоспары айқындалады. Құжатта қажетті табиғат қорғау іс-шараларын өткізуге жұмсалатын материалдық шығындар негізделеді, қызметтің күтілетін нәтижелері айқындалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақты (бұдан әрі - ЕҚТА) басқару тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін мониторинг бағдарламасы белгіленеді. 3. Табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеуді қарауына табиғат қорғау ұйымы жататын мемлекеттік орган қамтамасыз етеді және тиісті сарапшыларды, мамандандырылған жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу ұйымдарын тартып, өзі жүзеге асырады. 4. Жоспарды нақтылау және түзету жыл сайын табиғат қорғау ұйымының келесі қаржы жылына арналған бюджетін түзету кезінде жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|