|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы № 553 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 22, 224-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында: «Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Коммуналдық қызметтер саласындағы қатынастарды жетілдіру» деген 3-кіші бөлімде: 5-бағандағы реттік нөмірі 3.1-жолдағы «2007 жылғы III тоқсан» деген сөздер «2008 жылғы 1-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |