Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесін бекіту туралы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесі бекітілсін. 2. Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжат айналымы департаменті (Т.Т. Мекамбаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 657 бұйрығымен Бекітілген
Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 35) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру ұйымдарында мемлекеттік мекемелердің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында конкурсты өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды. 2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының бос лауазымына орналасуға конкурсты (бұдан әрі - конкурс) бос лауазымы бар мемлекеттік мекеме, қазыналық кәсіпорын (бұдан әрі - ұйымдар) ұйымдастырады және өткізеді. 3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары басшыларының лауазымына кандидатты іріктеу кезінде қажетті бейін бойынша білімі, кәсіби даярлық деңгейі, сондай-ақ біліктілік талаптарына сәйкестігі негізгі талаптар болып табылады. 4. Біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын ескере отырып, уәкілетті мекеме бекітеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|