Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Терапиялық сала)
Алматы 2007 ж
Артропатиялар
Хаттама коды: PN-T-002 Кезеңдік ем мақсаты: клиникалық сауығы, жалпы ахуалының жақсаруы, буындардағы ауырудың азаюы және қозғалыстың қалпына келуі. АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): М00 - М03 - инфекциялық артропатиялар М05 - М14 - қабынбалық полиартропатиялар М15 - М19 - артроздар Анықтамасы: Артропатия - түрлі патологиялық процесстердің фонында буындардың екіншілік зақымдануы. Ол қабынбалық (артриттер), сонымен қатар дегенеративті-дистрофиялық мінезде (артроздар) болуы мүмкін. Жіктемесі: 1. Дәнекер тінінің диффузды зақымдануы кезіндегі буындар ауруы (коллагеноздар). 2. Буын шеміршектерінің дистрофиялық-дегенеративті зақымдануы (деформациялы остеоартроз). 3. Жіті, сирек жағдайда рецидив беретін реактивті полиартриттер (спецификалық емес инфекциялар кезінде - стрептококкты, иерсиниозды, хламидиялы және басқа) 4. Спецификалық инфекциялық артриттер (туберкулез, мерез, соз). 5. Буын құрылымының қабынбалы-дегенеративті зақымдануы -микрокристаллдардың жиналуы (алмасушылық микрокристаллдық артропатиялар). Қауіп қатерлі факторлар: 1. Инфекция: вирустар, бактериальді суперагенттер, токсиндер, оның ішінде темекі компоненттері, аллергендер. 2. Буынға көп жүк түсіру (микротравматизация), ауыр физикалық еңбек. 3. Генетикалық бейімділік, әсіресе қаны бір туыстарда. 4. Алкоголь, етті тамақтарды, жоғары колориялы тағамдарды өте көп пайдалану. 5. Метаболизмнің бұзылуы. Диагностика критерилері: - буындық көріністер (тыныштықта және қозғалыста буынның ауыруы, ісінуі, деформация ) - буыннан тыс зақымданулар: қызба, астенизация, уыттану, сақинатәрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер және басқа. Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|