Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Терапиялық сала)
Алматы 2007 ж
Болжалды инфекция туындатқан диарея және гастроэнтерит
Хаттама коды: PN-T-004 Кезеңдік ем мақсаты: 1. Дезинтоксикация. 2. Регидратация. 3. Ремиссияны қамтамасыз ету 4. Асқынулар профилактикасы АХЖ-10 бойынша коды (кодтары): А09 Болжалды инфекция туындатқан диарея және гастроэнтерит А02 Өзге сальмонеллезді инфекциялар. А03 Шигеллез. А08 Вирустар және өзге анықталған ішек инфекциялары. А05 Өзге бактериалдық тамақтық уланулар. Анықтамасы: Диарея - 24 сағат ішінде үш немесе одан да көп, жиі сұйық стул немесе сулы стул, көлемі 200 мл/тәулігіне асады. Инфекциялық гастроэнтерит - жиі сұйық стул бір немесе бірнеше симптоматикамен қосылған: жүрек айну, құсу, дене температурасының жоғарылауы, анорексия, іштегі ауыру (түйілулер), үштің шұрылдауы немесе кебуі. Жіті кезең ұзақтығы 14 күнге дейін. Жіктемесі: жоқ Қауіп-қатерлі факторлар: Salmonella, Shigella, Esherichia coli, Vibrio cholerae, Yersinia, Campilobacter, Rotavirus and etc., Lamblia intestinalis. Диагностика критерилері: 1. Инфекциялы диареяның клиникалық симптомдары: - диареяның кенеттен жіті басталуы; - қызба; - жүрек айну, құсу; - іштің ауыруы; - сыңғырлы және қысқа ішектік шулар; - нәжістің мінезі 2. Инфекциялы диареяның клиникалық көріністерін бағалау: - жалпы жағдай (стул мен құсу жиілігі, жүрек айнудың айқындылығы, қызба, іштегі айқын ауыру); - сусыздану дәрежесі (тіл сілемейінің жағдайы, тері тургоры мен түсі, көз алмасының тығыздық дәрежесі, дауыс тембрі, шөлдің айқындығы, диурездің төмендеуі); - тамыр соғу жиілігі мен мінезі; - артериалдық қысым жоғарылылығы; - ішті сипау, ішек шуын аускультациялау (шұғыл хирургиялық жағдайларды алып тастау: жіті аппендицит, үшек түйілуі, мезентериалды қантамырлар тромбозы) Негізгі диагностикалық шаралар тізімі: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|