|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 499 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 352 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары): «1. Әр түрлі мақсаттағы отандық ғарыш аппараттарын құруға және ұшыруға арналған негіздерді әзірлеу» деген бөлімде: реттік нөмірі 2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2007 жылғы IV тоқсан»; «2. Әр түрлі мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшыруға және басқаруға арналған жер үсті инфрақұрылымын дамыту» деген бөлімнің 16-жолы алып тасталсын; «3. Қазақстандық ғарышкерлердің ұшуы кезінде Халықаралық ғарыш станциясының бортында ғылы зерттеулер мен эксперименттер бағдарламасын әзірлеу» деген бөлімде: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Халықаралық ғарыш станциясының бортында оларды іске асыру үшін Қазақстан Республикасының ғылыми зерттеулері мен эксперименттері бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізу»; 19-жолда: 2-баған мынадай редакцияда жазылсын: «Сұйық және қатты күйіндегі металл қорытпаларында термодиффузияны зерделеу»; 6-баған мынадай редакцияда жазылсын: «110,452, оның ішінде жылдар бойынша: 2005 - 50,0; 2006 - 40,0; 2007 - 20,452»; реттік нөмірі 21-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Жоғары организмдер геніне ғарыштық ұшыру жағдайына ұқсас факторлар әсерінің молекулярлық-биологиялық тетіктерін зерттеу және ауыл шаруашылығы дақылдарының бастапқы төзімді желілерін құру»; реттік нөмірі 22-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Жоғары күш түсуі жағдайында адамды қорғаудың химиялық, биохимиялық және психофизиологиялық әдістерін әзірлеу»; реттік нөмірі 23-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Адам организмінің бейімделу мүмкіндіктерін арттыратын, бағытталған медициналық-биологиялық қасиеттері бар биологиялық белсенді қоспалар мен мамандандырылған өнімдер әзірлеу»; көрсетілген Іс-шаралар жоспарынан кейінгі мәтінде: бірінші және екінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар барлығы 44364,75 млн. теңгені құрайды.»; «Республикалық бюджет барлығы 44064,75 млн.теңге, оның ішінде 2005 жылы - 14861,2 млн.теңге.»; алтыншы абзац алып тасталсын; Ескертуде «АЗҒК - авиациялық зымыран-ғарыш кешені» деген жол алып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |