|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кейбір акционерлік қоғамдар - ұлттық компаниялардың директорлар кеңестерінің құрамдары туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 341-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: 5-тармақта: «Оразбаев Бірлік Есіркепұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Өндірістік сала және инфрақұрылым бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Елемесов Асқар Раушанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «Ақшолақов Болат Оралұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі, төраға; Шыналиев Ғазиз Қоршабекұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Индустриялық-инновациялық даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары; Ерғожин Дәулет Еділұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;»; мына: «Құсайынов Марат Әпсеметұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі.» деген жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |