|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтар тізбесі мен көлемінде: «Болжамды сақтау көлемі (тонна)» бағанында «(тонна)» деген сөз алынып тасталсын; «DDР ИНКОТЕРМС 2000 шартындағы бағасы (теңге/тонна)» бағанындағы «тонна» деген сөз «өлш. бірл.» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1-жолдың «Өлш. бірл» бағанындағы «тн» деген аббревиатура «мың л.» деген сөзбен ауыстырылсын; реттік нөмірі 2-жолдың «Өндіруші ел» бағанындағы «импорт» деген сөз алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |