Осы редакция 2007 жылғы 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң (2007.02.03. берілген өзгерістерімен)
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгінiң құзыретi шегінде өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiмен және осы Ережемен жүктелген балық шаруашылығы саласындағы арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомоство және уәкілеттi орган болып табылады. Комитеттің аумақтық органдары - облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармалары, облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармалары бар. 2. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi: 1) балық шаруашылығы мәселелерi бойынша мемлекеттік және өңiрлiк саясатты, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асыру; 2) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғауға, өсiмiн молайтуға әрi пайдалануға және балық шаруашылығын жүргiзуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 3) балық шаруашылығын басқаруды және балық аулау мен балық өсiру-өсiмiн молайту қызметiн мемлекеттік реттеудi қамтамасыз ету болып табылады. 3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 4. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы Министрлiкке ведомстволық бағынысты заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер заңнамаға сәйкес Комитетке уәкілеттік берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға оның құқығы бар. 5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2007.02.03. № 164 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36. 7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң Балық шаруашылығы комитетi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Комитетке кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру бойынша заңнамалық кесiмдермен құқықтар берiлген жағдайда, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Комитеттiң функциялары мен құқықтары
10. Комитет мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) балық шаруашылығы, балық және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерi бойынша мемлекет саясатын, стратегиялық жоспарларды, мемлекеттік және өзге де бағдарламалар мен жобаларды iске асырады; 2) балық шаруашылығы, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, балық шаруашылығын жүргiзу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; 3) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын мемлекеттік есепке алуды ұйымдастырады, сондай-ақ балық ресурстарының және басқа да су жануарларының, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген балықтардың және басқа да су жануарлары түрлерiнiң мемлекеттік кадастрын жүргiзедi, Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабын шығаруға қатысады; 4) тауарлы балық шаруашылығының көл-тауар, тоған және басқа да нысандарын, балық аулау туризмiн дамытуды ұйымдастырады; 5) cуға балық жiберу, балықтың жаңа түрлерiн жерсiндiру жөніндегі жұмыстар кешенiн, балық шаруашылығы саласындағы мелиоративтiк-техникалық және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады; 6) балық ресурстарын, сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген балық түрлерiн және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықты көрсетілген саладағы мемлекеттік саясатты iске асыру бөлiгiнде жүзеге асырады; 7) республиканың балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалану және қорғау, сондай-ақ олардың өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану жөнiнде іс-шаралар өткiзудi ұйымдастырады; 8) ихтиологиялық мониторингтi жүзеге асырады; 9) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғаудың, өсiмiн молайтудың және ұтымды пайдаланудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді; 10) балық өңдеу кәсіпорындарын балық өнiмдерiн Еуропалық Одақ елдерiне экспорттаушы кәсiпорындар тiзiмiне енгізу жөніндегі рәсiмдердi жүргізеді; 11) Еуропа Одағы елдерiне экспорттау үшін балық өнiмiн дайындайтын Қазақстан Республикасының кәсiпорындары мен кемелерiнiң есебiн жүргізедi; 12) бекiре балық түрлерiнiң уылдырығымен сауда жасауға арналған марка берудi жүзеге асырады; 13) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға шектеу қояды және тыйым салады; 14) ғылыми ұйымдармен келісім бойынша ұйық учаскелерiн ашады және жабады; 15) бекітілген лимиттердің негiзiнде балықты және басқа да су жануарларын алудың квотасын бөледi. 11. Комитет мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететiн мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 2) балық және басқа да су жануарларын аулауға рұқсат бередi және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға шарттар жасасады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен, су жануарларының объектілерiн, олардың бөлiктерi мен туынды түрлерін, оның iшiнде сирек кездесетiн және жойылып кету қаупі төнген санатқа жатқызылған су жануарларының түрлерін әкелуге және әкетуге рұқсат бередi; 4) балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңiнде, сондай-ақ тыйым салынған су тоғандарында (учаскелерде) су көлiгі қозғалысының тәртібін анықтайды; 5) аулаудың жаңа құралдары мен тәсiлдерiн, сондай-ақ саңылауы тиiстi нормативтерде көзделгеннен ұясы кiшi көлемдi аулау құралдарын қолдануға рұқсат бередi; 6) балықтың және басқа да жануарлар түрлерiнiң санаттарын айқындайды және сирек кездесетiн және жойылып кету қаупi төнген санатына жатқызуды қоспағанда, оларды бір санаттан екiншiсiне ауыстырады; 7) балық және басқа да су жануарлары бөлігінде жануарлар дүниесiн пайдалануға биологиялық негіздеме дайындау тәртібін айқындайды; 8) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және хаттамалар жасайды. 12. Негiзгі мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшiн Комитет өз құзыретi шегінде заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық кесiмдердi қабылдауға; 2) Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану бойынша жұмыстар мен iс-шаралардың барлық түрлерiн тексерудi жүзеге асыруға; 3) өзiнiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорындарды мемлекеттік басқару органы болуға; 4) Комитетке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға; 5) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын немесе келетiн азаматтардан, лауазымды тұлғалардан балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануда белгiленген ережелер мен нормалардың сақталуын, тыйымдар мен шектеулердің орындалуын талап етуге, орындау үшiн мiндеттi тәртiп бұзушылықты тоқтату туралы нұсқаулар беруге; 6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен сотқа талаппен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға; 7) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан өз функцияларын орындау үшiн қажеттi ақпарат сұратуға және алуға; 8) Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу немесе өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ұйғарылып отырған жобалардың редакцияларын қоса берiп, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 9) балық шаруашылығын жүргiзу және балық шаруашылығы су тоғандарын бекітіп беру құқығын беру жөнiнде тиiстi мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге; 10) балық өнiмiн қайта өңдеу жөніндегі қазiргi заманғы технологияларды жетілдiру жөнінде ұсыныстар әзiрлеуге; 11) орындау үшiн мiндетті нұсқамалар мен қаулылар енгізуге; 12) балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану ережелерi бұзылған болса, бекітіп берілген балық шаруашылығы су қоймаларын пайдалануға тыйым салуға және құқығын тоқтату немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізуге; 13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балық ресурстары мен басқа да су жануарларының заңсыз пайдалану құқығын тоқтатуға; 14) жүргiзiлуi кезiнде балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімiн молайту және пайдалану жөніндегі, ережелер, нормалар және өзге де талаптар бұзылатын жұмыстарды тоқтата тұруға құқылы.
13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебiнен құралады әрi негiзгi және айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің теңгерiмiнде көрсетілген өзге де мүлiктен тұрады. 14. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Комитет өзiне бекітіп берiлген мүлікті өз бетiнше оқшаулауға немесе оған өзге тәсілмен билiк етуге құқылы емес.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары бар. 17. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген мiндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап бередi. 1) Комитеттің қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 2) Министрлiкпен келісім бойынша Комитеттiң аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары және ведомстволық бағынысты ұйымдары басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттіктерiн анықтайды; 4) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерiн, Комитеттің аумақтық органдарының және ведомстволық бағынышты ұйымдарының басшыларын көтермелейдi және оларға тәртіптiк жаза қолданады; 5) бұйрықтарға қол қояды; 6) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi, сондай-ақ өз құзыретi шегiнде Комитетке ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердiң ережелерiн бекiтедi; 7) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Комитеттi ұсынады; 8) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрiмен келісім бойынша Комитеттiң штат кестесiн бекiтедi. 19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң құрылымы
Басшылық Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және реттеу басқармасы Қаржыландыру және ұйымдастыру-құқықтық жұмыс басқармасы
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi
1. Арал-Сырдария облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 2. Балқаш-Алакөл облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 3. Зайсан-Ертіс облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 4. Орал-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндiк басқармасы. 5. Ақмола облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 6. Ақтөбе облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 7. Жамбыл облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 8. Қарағанды облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 9. Қостанай облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы. 10. Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық балық шаруашылығы басқармасы.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың Тiзбесi
1. ҚР Үкіметінің 2007.26.02. № 144 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2. "Атырау бекiре балық өсiру зауыты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 3. "Майбалық балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 4. "Жоғарғы Тобыл балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 5. "Петропавл балық питомнигi" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 6. "Қарағанды балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 7. "Шардара балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 8. "Қамыстыбас балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 9. "Қашыр балық питомнигі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 10. "Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 11. "Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 12. "Бұқтырма уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны
|