|
|
|
Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесін бекіту туралы (2008.26.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1223 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы« акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 наурыздағы № 284 қаулысымен бекітілген
Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі
1. Осы Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына 2008 жылға арналған республикалық бюджеттен кредиттік ресурстар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 22-бабына сәйкес әзірленді. ҚР Үкіметінің 2008.26.09. № 893 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. «Достық Энерго» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - қарыз алушы) кредиттік шартты жасасу арқылы және қарыз алушыға кредитті қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету ұсынылған жағдайда 21000000 (жиырма бір миллион) АҚШ долларына баламалы мөлшерде кредит (бұдан әрі - кредит) беріледі. 3. Кредит берудің мақсаты ресейлік кредит берушілердің 1998-1999 жылдары Ресей Федерациясынан Батыс Қазақстан облысының тұтынушыларына электр энергиясын жеткізгені үшін «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамына талаптар қою құқығын сатып алу болып табылады. 4. Кредитті қайтару заңнамада белгіленген тәртіппен талаптар құқықтарын беру жолымен қамтамасыз етіледі. 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - кредит беруші), Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі (бұдан әрі - Әкімші) және «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - сенім білдірілген (агент) заңнамада белгіленген тәртіппен қарыз алушымен кредиттік шарт жасасады. 6. Сенім білдірілген (агент) кредит қызметін көрсетеді, қарыз алушымен есеп айырысу жүргізеді, қарыз алушының қаржылық жай-күйіне мониторинг жүргізеді, заңнамада белгіленген тәртіппен берешекті өндіріп алады және қажеттілігіне қарай бюджет заңнамасына сәйкес кредит берушінің өзге де тапсырмаларын орындайды. 7. 6-тармақта көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін сенім білдірілген (агентке) сыйақы төлемін Әкімші тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады, төлем талаптары кредиттік шартпен белгіленеді. 8. Әкімші Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы энергетикадағы өзара берешектерді өтеу схемасында көзделген іс-шаралардың орындалуын және құжаттардың ресімделуін қамтамасыз етеді. 9. Қарыз алушыға кредит берудің негізгі шарттары: ҚР Үкіметінің 2008.26.09. № 893 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) кредит мерзімділік, төлем және қайтарымдылық шартымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне сәйкес белгіленетін сыйақы ставкасы бойынша негізгі борышты өтеудің он жыл жеңілдік кезеңімен отыз жыл мерзімге теңгемен беріледі; ҚР Үкіметінің 2008.26.09. № 893 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) кредит бойынша есептелген сыйақыны төлеу жылдық мерзімділікпен жүзеге асырылады. Есептелген сыйақының алғашқы төлемі кредит берушінің шотынан кредитті аударған күнінен бастап бір жыл өткен соң жүргізіледі; 3) кредит сомасын республикалық бюджеттен аударуды Әкімші Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің арасындағы энергетикадағы өзара берешектерді кредиттің барлық сомасын бір мезгілде аудару жолымен өтеу схемасында көзделген іс-шаралардың орындалуын растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін жүзеге асырады. 10. Кредитті беру, өтеу және қызмет көрсету жөніндегі өзге де талаптар кредиттік шартта белгіленеді. 11. Кредит беруші мен Әкімші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кредиттің мақсатты және тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |