Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы (2008.14.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 25 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2007.30.04. № 352 өзгерістер мен толықтырулар енгізілу туралы қаулысын қара (2010 жылғы 13 тамыздан бастап енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 58-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі бекітілсін. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-29, 31, 32, 34, 35, 37, 40, 41, 45-51, 54, 72-75-тармақтарды қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысымен Бекітілген
Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесi
2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары 3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлерi 6-тарау. Түсімдер мен жиынтық қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібi 7-тарау. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ереже 4-бөлім. Ұлттық валютада түсімдер бойынша бюджеттің атқарылуы 8-тарау. Түсімдерді есепке алу мен бөлу артық төленген салық сомасын есепке алу 5-бөлім. Шығыстар бойынша бюджетті атқару 12-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы 13-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауына қойылатын талаптар 15-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді ресімдеу және беру 16-тарау. Мемлекеттік мекемелердің шарттарын және азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеуге арналған өтінімдерді тексеру тәртібi 18-тарау. Ұлттық валютада төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібi 19-тарау. Төлеуге берілетін шотты ресімдеу тәртібi зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды, стипендияларды төлеу тәртібi 21-тарау. Аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тіркелген шарт талаптарына сәйкес төлемдерді жүргізуге арналған төлеуге берілетін шоттарды беру және орындау тәртібi 22-тарау. Шарт жасаусыз төлемдерді жүргізуге арналған ақы төлеуге шоттарды беру және орындау тәртібi 24-тарау. Мемлекеттік мекеменің жасалған төлемдер мен ақша аудару сомаларын қайтару 25-тарау. Инкассалық өкімдерді орындау тәртібi 26-тарау. Құжаттық аккредитивті пайдалану 27-тарау. Трансферттерді төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібi 28-тарау. Республикалық және жергілікті бюджеттерден бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібi 29-тарау. Шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру тәртібi 30-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібi 31-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібi 6-бөлім. Бюджет ақшасын басқару тәртібi 32-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібi 33-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру тәртібi 36-тарау. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін түсімдер бойынша операцияларды жүзеге асыру 8-бөлім. Сайлауларды қаржыландыру және бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібi 42-тарау. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру 9-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері мен есептілігi 47-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібi 48-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану тәртібi 10-бөлім. Бюджеттік кредит беру тәртібi 50-тарау. Бюджеттік кредит беру жөніндегі қаржылық рәсімдер 51-тарау. Қарыз алушының кредиттік қабілетінің өлшемдерi 52-тарау. Қарыз алушы банктерді іріктеу тәртібi 54-тарау. Бюджеттік кредиттің мақсатты пайдаланылуын және ол бойынша міндеттемелерді қамтамасыз етудің болуын бақылауды жүзеге асыру тәртібi 56-тарау. Бюджеттік кредит бойынша берешекті өндіріп алу есебіне өндіріп алынған мүлікті сату және (немесе) мемлекеттік меншікке айналдыру тәртібi 11-бөлім. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздар 57-тарау. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу тәртібi 59-тарау. Қарыз шарттарын жасасу жолымен Қазақстан Республикасы Yкіметінің қарыз алуы 62-тарау. Мемлекет кепілдік берген қарыздарды алу және пайдалану 65-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру рәсімi 66-тарау. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыз алу тәртібi 70-тарау. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыш мониторингінің тәртібi 72-тарау. Мемлекет кепілгерлігімен қарыздар алу және оларды пайдалану тәртібi 75-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекет кепілгерлігін беру рәсімi Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті мемлекеттік органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру, сондай-ақ бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бойынша іс-әрекетінің тәртібін айқындайды.
2-бөлім. Қаржыландыру жоспарларын әзірлеу, жасау және бекіту тәртібi Қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу тәртібi 2-тарау. Жылдық қаржыландыру жоспары
2. Жылдық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес әзірленеді. 3. Жылдық қаржыландыру жоспары бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту (нақтылау, түзету) кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып, пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімнің құрамында ұсынылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша шығыстардың есебі негізінде жасалады. 4. Тиісті қаржы жылына арналған жылдық қаржыландыру жоспарын бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітеді және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді, сондай-ақ оны бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жоспарлының алдындағы жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жібереді. 5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі айқындаған жағдайда, сондай-ақ шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттің шығыстарын түзетуді талап ететін басқа да факторлар пайда болған кезде бюджетті атқару үдерісінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртіппен міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті өзгерістер енгізу жолымен бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландырудың жылдық көлеміне өзгерістер енгізе алады. 6. Бюджетті нақтылаған, түзеткен жағдайда, бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістерді бекітеді және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға береді, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік бағдарламалар паспорттарының тиісті өзгерістерін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган бекіткеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жібереді. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жылдық қаржыландыру жоспарлары ерекшеліктерінің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарындағы іс-шараларға сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
3-тарау. Қаржыландыру жоспарларының түрлерi
7. Бюджетті атқару үшін қаржыландыру жоспарларының мынадай түрлерін: мемлекеттік мекемелер - міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын (бұдан әрі - жеке қаржыландыру жоспарлары); бюджеттік бағдарламалар әкімшісі - міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары) және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі - төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары); бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган - түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарын әзірлейді. Жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджетке түсетін түсімдер жоспары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдеріне, тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына, жылдық қаржыландыру жоспарына, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтініміне, Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына (бұдан әрі - ҚР ББС), Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына (бұдан әрі - Мемлекеттік мекемелердің анықтамалығы) сәйкес және осы Ережеде белгіленген тәртіппен әзірленеді. Жеке қаржыландыру жоспарлары бөлшек қалдықтары бар, үтірден кейін бір белгісі бар сандармен мың теңгемен қалыптастырылады, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік түсімдер жоспарлары, түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша жиынтық қаржыландыру жоспары бөлшек қалдығынсыз бүтін сандармен мың теңгемен қалыптастырылады.
4-тарау. Жеке қаржыландыру жоспарларын, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын жасау және бекіту тәртібi
8. Бюджетті атқару үдерісінде жеке қаржыландыру жоспары мынадай: міндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - міндеттемелер бойынша жеке жоспар) және төлемдер бойынша мемлекеттік мекемені жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі - төлемдер бойынша жеке жоспар) нысанында осы Ережеге 1-4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты болып табылады. 9. Міндеттемелер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемін айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме бюджеттік бағдарламалардың паспорттарында көзделген іс-шараларды іске асыру үшін міндеттемелер қабылдайды. 10. Төлемдер бойынша жеке жоспар қаражаттың көлемін айқындайды, оның шегінде мемлекеттік мекеме қабылданған міндеттемелер бойынша төлемдер жүргізеді. 11. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларының жобалары мынадай талаптардың негізінде әзірленеді: бюджет комиссиясы мақұлдаған және бюджетті бекіту немесе нақтылау кезінде қабылданған шешімдерді ескере отырып пысықталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімінде (бұдан әрі - бюджеттік өтінім) ұсынылған бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша шығыстардың есептері; бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша нормативтік құқықтық актілер; басқа да нормативтік құқықтық актілер; бекітілген паспорттың бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес келуі; міндеттемелерді уақтылы қабылдауды және орындауды қамтамасыз ету; өткен қаржы жылдарында бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларының орындалу серпіні; міндеттемелер бойынша жеке жоспарлардың жобаларын әзірлеу кезінде шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымы. Экономикалық сыныптама ерекшеліктері бөлінісінде міндеттемелер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) паспортында көзделген міндеттемелерді қабылдау мерзіміне, іс-шараларды орындау мерзіміне, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу мерзіміне, жұмыстарды жүргізу маусымдылығына, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру үшін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау мерзіміне сәйкес келуі тиіс. Төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының жылдық сомасын айлар бойынша бөлу паспортта көзделген әрбір бюджеттік бағдарлама және кіші бағдарлама бойынша тиісті қаржы жылы ішінде іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес алынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша төлемдерді жүзеге асыру мерзіміне сәйкес келуі және аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімін ескеруі тиіс. 12. Жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларына, басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы қол қояды, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерін атқару жүктелген тұлғалар қол қояды және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады, жоғарыда көрсетілген тұлғалар қол қойған жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөлу есебі мен негіздемелері жеке қаржыландыру жоспарларымен бірге оларды бекіту және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарларын бекіту әрі әзірлеу үшін белгіленген мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі. 13. Мемлекеттік мекеме жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының жасалу дұрыстығын және оларды тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді. 14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары осы Ережеге 5-8-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша міндеттемелер мен төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарларын жиынтықтау жолымен қалыптастырылады. Бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісін қаржыландыру жоспарларының жылдық сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның қаулысымен немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомаға сәйкес келуі тиіс, ал бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларында бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бөлінісінде жылдық сома бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жылдық қаржыландыру жоспарына сәйкес келуі тиіс. 15. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жылдық қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджет шығыстарының функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес, бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларының жобаларын айларға бөле отырып, оларға есептерді және жоспарларды айға бөлу негіздемесін, сондай-ақ жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын ұсынады. Төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы трансферттер бойынша, сондай-ақ бюджеттік кредиттер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша тұтастай, сол сияқты төмен тұрған бюджеттердің бөлінісінде де ұсынады. Осы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру жоспарларының жобаларына облыс әкімі немесе төмен тұрған бюджеттің уәкілетті органының басшысы қол қойған әрбір төмен тұрған бюджетті қаржыландыру жоспарлары жобаларының көшірмелері қоса беріледі. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарларының жобаларын бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган белгілеген нысанда қағаз және магнит тасығыштарында, жеке қаржыландыру жоспарларының жобаларын тек магнит (электрондық) тасығыштарында ғана ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарлары мен жеке қаржыландыру жоспарлары жобаларының растығын, ресімделуінің дұрыстығын және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынудың уақтылығын қамтамасыз етеді. 16. Түсімдер жоспарларының жобаларын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімі қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде жасайды. 17. Республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер жоспарлары Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысымен немесе мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары, пікір сыныптары және ерекшеліктері бойынша түсімдер сомасына сәйкес келуге және мемлекет активтерін сатудан және қарыздардан түсетін кірістер түсімдерінің, бюджеттік кредиттерді өтеу жоспарларынан тұруға тиіс. 18. Республикалық бюджет кірістері түсімдерінің жоспарларын осы Ережеге 9-12-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша салық, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар ұсынатын аумақтық бөліністегі кірістердің түсімдері жоспарларының жобаларын және оларға есептерді, негіздемелерді ескере отырып, республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастырады. |