Адвокаттық және нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған
Осы редакция 2008 жылғы 28 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Заңына және Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның; нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысандары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметін, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетуді, жылжымайтын мүлікті бағалауды лицензиялау мәселелері» туралы 1997 жылғы 15 тамыздағы № 1262 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 37, 359-құжат) 3-тармағындағы төртінші және бесінші абзацтарының күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының елтаңбасы Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні) адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілді. Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінiң Халыққа құқықтық көмек және заңгерлiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитеті берген. Комитеттің төрағасы ______________________ (қолы) Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж. Лицензияның нөмірі ____________ ________________қаласы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 желтоқсандағы № 1325 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына арналған мемлекеттік лицензияның нысанына өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының елтаңбасы Мемлекеттік лицензия
____________________________________________________________ (жеке тұлғаның толық аты-жөні) нотариалдық қызметпен айналысу құқығына берілді. Лицензия, мерзіміне шек қойылмай берілетін, бас лицензия болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады. Лицензияны Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгінің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетудi ұйымдастыру комитетi берген. Комитеттің төрағасы ______________________ (қолы) Лицензияның берілген күні "____"____________199__ж. Лицензияның нөмірі ____________ ________________қаласы |