Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау мен аккредиттеуден өткізуді (2009.12.05. берілген өзгерістермен)
ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 4 шілдедегі № 257 Бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 42-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Нұсқаулық; 2) Білім беру ұйымдарын аккредиттеу тәртібі туралы Нұсқаулық бекітілсін. 2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Күштері жойылды деп танылсын: 1) «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациядан өткізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 28 шілдедегі № 415 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 21 тамызда № 4350 тіркелген, 2006 жылғы 10 қарашада № 197 (1177) Заң газетінде жарияланған); 2) «Білім беру ұйымдарының үлгілері мен түрлері бойынша мемлекеттік аккредиттеуге арналған көрсеткіштерді бағалау тізбесі мен өлшемдерін және Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредиттеуден өткізу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2001 жылғы 23 шілдедегі № 602 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2001 жылғы 30 шілдеде № 1599 тіркелген). 4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 5 наурыздағы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|