«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» және «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңестерінің құрамдары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 874 Қаулысы
(2008.28.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 4 сәіурдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1-қосымшаға сәйкес құрамда «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін;
2-қосымшаға сәйкес құрамда «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін;
3-қосымшаға сәйкес құрамда «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесін сайлауды қамтамасыз етсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қазандағы
№ 874 қаулысына
1-қосымша
«Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы"»акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Әбдірахманов Марат Мәулетжанұлы | - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары |
Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы | - Атырау облысы әкімінің орынбасары |
Құлсарин Оразғали Шәріпұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары |
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы | - «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Тәшенов Бақытбек Хакімұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
Ахметов Бауыржан Аманқұлұлы | - «Бурган» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Атырауоблысы бойынша облыстық филиалының басқарма мүшесі, тәуелсіз директор |
Шоқанаев Есет Таңбайұлы | - «Танеко» компаниясы тобының президенті, «Атамекен» Одағы»Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Маңғыстау облысы бойынша облыстық филиалының басқарма мүшесі,тәуелсіз директор |
Каюпов Рамазан Мейірманұлы | - «Хазар Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының бірінші орынбасары, тәуелсіз директор |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қазандағы
№ 874 қаулысына
2-қосымша
«Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Әбілезов Қарыбай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Сағиев Ғани Тоқтамысұлы | - Қостанай облысы әкімінің орынбасары |
Балахонцев Владимир Николаевич | - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары |
Мамытбеков Асылжан Сарыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
Төлебаев Марат Еркінұлы | - «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Баймұратов Ерлан Оразгелдіұлы | - «Баян Сұлу» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор |
Подчиненов Виктор Николаевич | - «Иволга Холдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының бірінші орынбасары,тәуелсіз директор |
Селиванов Павел Геннадьевич | - «Масло-Дел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басдиректоры, тәуелсіз директор |
ҚР Үкіметінің 2008.28.01. № 71 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 қазандағы
№ 874 қаулысына
3-қосымша
«Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы
Оразбақов Ғалым Ізбасарұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі |
Бочин Виктор Захарович | - Павлодар облысы әкімінің орынбасары |
Бергенев Әділғазы Сәдуақасұлы | - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары |
Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетініңтөрағасы |
Дамитов Қадыржан Қабдошұлы | - «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Кадюков Николай Викторович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
Ботбай Оралбек Қожамжарұлы | - «Транс АSТ LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басдиректоры, тәуелсіз директор |
Тұрғаналиев Елтінжал Рахматоллаұлы | - «Номад Иншуранс» акционерлік қоғамының сақтандыру компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының Павлодар облысы бойынша облыстық филиалының басқарма мүшесі, тәуелсіз директор |
Мандиев Ержан Оразбекұлы | - «Азия-Авто» акционерлік қоғамының президенті, тәуелсіз директор. |