2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 2 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 204, 205, 206, 207 (құпия), 208, 209, 210, 211, 212, 213-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 204-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1047631 мың теңге (бір миллиард қырық жеті миллион алты жүз отыз бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексі, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; «Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 24 тамыздағы № 1426 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымды міндеттерін іске асыруға және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың толық және тиімді жүйесін қалыптастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ақша-кредит саясаты басымдықтарымен өзара іс-қимылы үшін фискалдық, кеден және бюджеттік инвестициялық саясатты, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар, экономиканың секторларындағы мемлекеттік активтерді басқару саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеу, өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлігін жетілдіру үшін біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлікті және дағдыны жаңарту, бюджеттік инвестициялық жобалардың жан-жақты экономикалық сараптамасын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ететін экономикалық және бюджеттік жоспарлау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде салық және бюджет жүйесі бойынша заңнамалық актілерді әзірлеуге қатысу. Кәсіби деңгейін арттыру - кемінде 35 адам, мемлекеттік тілді оқытуға - кемінде 128 адам, ағылшын тілін оқытуға - кемінде 60 адам. Компьютерлік техника паркін 22 %-ға жаңарту. Халықаралық іскерлік ақпаратқа тікелей қол жеткізу. Жылына кемінде 100 бюджеттік инвестициялық жобаға бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүргізу. Түпкі нәтиже: Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді және экономикалық қызметтің түрлерін жүзеге асыруды регламенттейтін Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесін барынша салааралық және өңіраралық үйлестіру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру және стратегиялық, орта мерзімді экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді іске асыру. Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін және экспорттық мүмкіндіктерін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу. Инвестициялық жобаларды бағалау жөніндегі қызметтерді бәсекелі ортаға шығару. Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру. Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттыруға арналған орташа шығын - 37,20 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тілге оқытуға арналған орташа шығын - 18,05 мың теңге. Бір мемлекеттік қызметшіні ағылшын тіліне оқытуға арналған орташа шығын - 16,8 мың теңге. Еңбекті және халықаралық іскерлік ақпаратты іздеу, шолу, жүйелендіру уақыты шығындарын азайту (статистика, талдамалық есептер). Уақтылығы: Іс-шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес жоспарланған іс-шараларды орындау. Сапасы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын сапалы қалыптастыру; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарымен өзара іс-қимыл үшін мемлекеттік фискалдық, кедендік және бюджеттік инвестициялық саясатты және ақша-кредит саясатын, сондай-ақ халықаралық экономикалық және қаржылық қатынастар саласындағы саясатты қалыптастыру. Республикалық бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру. Қазіргі экономикалық талаптарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру; мемлекеттік тілге оқыту курстарынан өткеннен кейін мемлекеттік тіл бойынша іс-жүргізуге көшетін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, ағылшын тіліне оқыту курстарынан өткеннен кейін ағылшын тіліндегі құжаттармен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%, біліктілігін арттыру курстарынан өткеннен кейін жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 30%. Бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін инвестициялық жобаларға тәуелсіз бағалау жүргізу жолымен арттыру.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 205-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Мемлекеттік жоспарлау саласында ақпараттық жүйені жаңғырту» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 186010 мың теңге (бір жүз сексен алты миллион он мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: »Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Осы заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Министрліктің қолданыстағы ақпараттық жүйелерін жаңарту және біріктіру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тиімді мемлекеттік жоспарлауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе. Түпкі нәтиже: стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау процестерін автоматтандыру. Қаржылық-экономикалық нәтиже: 1) мыналарды: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының; Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалдық саясатының; тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы, республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы үшжылдық кезеңге арналған ресми трансферттердің көлемі туралы заңдардың; тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Заңды іске асыру туралы және Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары; жылдық қаржыландыру жоспарының жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ есептер дайындау және шешімдер қабылдау кезінде уақытты қысқарту; әмбебап және икемді жоспарлау құралын құру жолымен шығындарды, теңгерімді көрсеткіштер жүйесін қысқарту; бюджеттік және экономикалық жоспарлау рәсімдерін оңтайландыру жолымен еңбек өнімділігін арттыру. Уақтылығы: процестер мен операцияларды бақылау, мониторингін және талдау жүргізу жолымен жобалар әзірлеудің жеделдігін қамтамасыз ету. Сапасы: жобаларды, есептерді әзірлеу және шешімдер қабылдау сапасын арттыру, олардың келісімсіздігін және қарама-қайшылығын жою.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 206-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу және сараптау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 700000 мың теңге (жеті жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 150-бабы; «Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тиісті үшжылдық кезеңге арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкес инвестициялық жобаларды уақтылы дайындау, атап айтқанда: - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеу; - республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін заңнамада көзделген сараптамадан өткізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген бөлуге сәйкес республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді қаржыландыру, республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) техника-экономикалық негіздемелеріне сараптама жүргізу. Түпкі нәтиже: республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асырылуы 2010 жылы басталатын Басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне енгізу. Уақтылығы: 700 000 мың теңге сомаға техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді қаржыландыру және оның сараптамасын жүргізу 2008 жыл бойы жүзеге асырылады. Сапасы: әзірленген техника-экономикалық негіздемелердің және жүргізілген сараптамалардың сапасы белгіленген талаптарға сай келеді.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 207-ҚОСЫМША (құпия)
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 208-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Концессиялық жобаларды бағалау және сараптау» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 972000 мың теңге (тоғыз жүз жетпіс екі миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы, «Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу және объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс өткізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 тамыздағы № 814 қаулысы, «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуды ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетігін қалыптастыру, экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: концессияға берілуі мүмкін объектілер жөніндегі ұсыныстарды сараптамадан өткізу; мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларды бағалау және сараптамадан өткізу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға жүргізілген сараптама бойынша қорытынды; Мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға жүргізілген бағалау мен сараптама бойынша қорытынды. Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында концессия институтын дамыту, концессияға берілуі мүмкін объектілер, концессиялық жобалар бойынша ұсыныстар бойынша ұсынымдарды тұжырымдау. Қаржы-экономикалық нәтиже: концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама жүргізуге жұмсалатын шығындар. Уақтылығы: Концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама және мемлекеттік органдар үшін концессиялық жобаларға бағалау мен сараптама нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 209-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Экономика саласындағы қолданбалы зерттеулер» деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 440000 мың теңге (төрт жүз қырық миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы, «Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі № 319 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету, елдің тұрақты және қарқынды әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін тиімді экономикалық тетікті қалыптастыру, ел экономикасының теңгерімділік деңгейін арттыру, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары бойынша зерттеулер жүргізу; жалпы экономикалық, салааралық, өңірлік, сыртқы экономикалық проблемаларды шешу бөлігінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар мен тетіктерді тұжырымдау, экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды тұжырымдау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: экономикалық саясат саласындағы зерттеулер бойынша талдамалық есеп. Түпкі нәтиже: экономикалық жоспарлау және болжамдау бөлігінде мемлекеттік басқаруды экономикамен жетілдіру, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыру және іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қаржы-экономикалық нәтиже: талдамалық зерттеулер жүргізуге жұмсалатын шығындар. Сапасы: елдің экономикалық дамуының неғұрлым өзекті және проблемалық мәселелерін қамту және зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік экономикалық саясатты жетілдіру үшін қолдануы мүмкіндігі. Уақтылығы: талдамалық зерттеулер нәтижелерін белгіленген мерзімде беру.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 210-ҚОСЫМША
220 - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Қазақстан Республикасының егемен кредиттік рейтингін қайта қарау мәселелері бойынша халықаралық рейтинг агенттіктерімен өзара іс-қимыл жасау» деген 010 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 24786 мың теңге (жиырма төрт миллион жеті жүз сексен алты мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының инвестициялық имиджін қалыптастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: халықаралық рейтинг агенттіктерінің Қазақстан Республикасының төлем қабілетінің және инвестициялық тартымдылығының кіріктірілген көрсеткіші болып табылатын тәуелсіз кредиттік рейтингін растауы немесе қайта қарауы. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: халықаралық рейтингтік агенттіктерге олар көрсеткен қызметтері үшін уақтылы ақы төлеу |