|
|
|
Осы редакция 2008 жылғы 13 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 сәуірдегі № 407 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi 1. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асырудың осы Ережесi (бұдан әрi - Ереже) республика аумағын жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларын әкелу мен таратудан қорғау, сондай-ақ адамдардың денсаулығына, жануарларға және қоршаған ортаға қауiп төндіретiн бақылауда болатын жүктердiң басқа мемлекеттерден әкелiнуiн болдырмау мақсатында "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегі Заңы 20-бабының 8-тармағына сәйкес әзiрленді. 2. Осы Ереже мемлекеттік шекара арқылы алып өтiлетiн мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылауында болатын жүктерге (бұдан әрi - қадағалау жүктерi) қолданылады. 2. Бақылаудағы жүктердi алып өту кезiнде бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдары 3. Қазақстан Республикасының аумағына жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының қоздырғыштарын әкелудiң және таратудың алдын алу, сондай-ақ басқа мемлекеттерден адамдардың денсаулығына, жануарлар мен қоршаған ортаға қауiп төндiретiн бақылауда болатын жүктердің әкелiнуiн болдырмау мақсатында мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды (бұдан әрi - мемветқадағалау) жүзеге асыру үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) шекара және кеден пункттерiнде (мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде) шекарадағы және көлiктегi мемветқадағалаудың аймақтық бөлiмшелерiнiң шекаралық ветеринариялық бақылау бекеттерiн (бұдан әрi - шекветбекеттер) ұйымдастырады. 3. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауға жататын бақылауда болатын жүктер 4. Мемлекеттік шекара арқылы алып өтiлетiн бақылауда болатын жүктердiң мынадай түрлерi шекаралық мемветқадағалауға жатады: 1) жануарлар - үй жануарлары, жабайы жануарлар, хайуанаттар паркiндегi, цирктегi, зертханалық, декоративтiк, терiсi бағалы жануарлар, теңiз жануарлары және басқа гидробионаттар, құстар, аралар, балықтар, жыныстық және соматикалық клеткалы (эмбриондар, ұрықтар, ұрықтандырылған уылдырық, инкубациялық жұмыртқалар) жануарларды қоса алғанда, жануардың барлық түрлерi; 2) жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдері, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өндiрiсiнiң өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi; 3) жануарлардан алынатын шикiзаттар - терi, жүн, қыл, қылшық, аң терiсi, түбiт, мамық, қауырсын эндокриндiк бездер, ішек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ, жануарларды азықтандыруға арналған жануарлардан алынатын басқа да өнiмдер; 4) ветеринариялық препараттар, жемшөп, жемшөптiк қоспалар. 4. Қазақстан Республикасының аумағына бақылауда болатын жүктердің импорты 5. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден эпизоотиялық жағынан қолайлы мемветқадағалау бақылауында болатын жүктердi әкелуге мынадай талаптар сақтала отырып: 1) уәкiлетті орган белгiлеген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сай болған және ветеринариялық сертификатпен немесе ветеринариялық куәлiкпен расталған; 2) экспорттаушы елдердiң эпизоотологиялық жағдайын бағалауды ескере отырып қабылданған, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының немесе оның орынбасарының рұқсаты болғанда рұқсат етiледi. 6. Бақылауда болатын жүктер импортына рұқсат жүк иесiнiң уәкiлеттi органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлiмшесiне жазбаша өтiнiшi (өтiнiш нысаны - өз бетiмен) негізiнде жүктердiң атауы мен сипаттамасы, шыққан елi, импорт мақсаты, көлiк құралының түрi, жүру бағыты, мемлекеттік шекараны қиып өткізу пункті көрсетілiп, соның iшiнде ТМД және Қазақстан елдерi, сақталған, карантинде болған, өңделген жерi, өткізу мерзiмдерi және басқа да ақпараттар мемлекеттік немесе орыс тіліне мiндеттi түрдегi аудармасымен түпнұсқада көрсетiле отырып жүзеге асырылады. 7. Уәкiлетті органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi импортталған жүкті өз аймағының аумағына әкелудiң (оларды өңдеу, өткізу, сақтау шарттарын) қағидатты мүмкiндiгiн қарайды (өтiнiмдi қарау мерзiмi 15 күннен аспайды). Мәселе оң шешiмiн тапқан кезде жүк иесiне нақты жүк түрiне арналған ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар қойып, оларды әкелуге рұқсат беру өтінiшiмен уәкілеттi органға жазбаша жүгінедi. ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен 8-тармақ толықтырылды 8. Уәкiлеттi орган 5 жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген жүктерді әкелуге не рұқсат береді не рұқсат бермеу себептерiн көрсетiп, жазбаша түрде бас тартады. Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды. 9. Шекветбекетiнiң аймақтық бөлiмшесiнiң ветеринариялық инспекторы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пунктiнде бақылауда болатын жүктердің ветеринариялық сертификаты, уәкiлетті органның рұқсаты болуын жүктiң атауына, салмағына, буып-түйiлуiне, берiлген құжаттардың санына, тасымалдау жағдайына сәйкестiгiн тексереді, шетелдiк ветеринариялық сертификаттың орнына ветеринариялық куәлiк береді. Ветеринариялық куәлiктiң "Ерекше белгiлер" деген бағанына уәкілеттi орган берген рұқсаттың нөмiрi мен берiлген күнi және бақылауда болатын жүктi пайдалану тәртібі (еркiн сатып тарату, ұзақ сақтау немесе қайта өңдеу) көрсетiлуге тиiс. Сонымен бiрге, шекветбекетiнiң ветеринариялық инспекторы өзi тұрған қызмет көрсету аймағында, бақылауда болатын жүктiң өтуi және оның баратын соңғы пунктi туралы шекара және көлiктегi мемветқадағалаудың аймақтық бөлiмшесiне хабарлайды. 10. Аймақтық бөлiмше бастығы баратын пункттегi бақылауда болатын келген импорттық жүктерден сынама алуды ұйымдастырады (жұмыс күнi ішiнде) және оны сараптама жүргiзу үшiн ветеринариялық зертханаға жолдайды. Ветеринариялық зертхана қорытындысының нәтижесi бойынша, әкелiнген импорттық өнiмдерді пайдалану туралы нақты шешiм қабылданады. 11. Бақылауда болатын жүктерден сынама алу және ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргiзу тәртібi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 12. Бақылауда болатын жүктердің зақымданғаны немесе ветеринариялық-санитариялық талаптар мен нормаларға сәйкес келмеуi, сондай-ақ ол осы Ереженi бұза отырып әкелiнгенi анықталған жағдайда жүк экспортшы елге қайтарылуға немесе заңнамада белгiленген тәртiппен жүк иесiнiң қаражаты есебiнен залалсыздандырылуға (зарарсыздандырылуға) тиiс. 13. Бақылауда болатын жүктердi залалсыздандыру (зарарсыздандыру) жүктiң келiп түскен соңғы пунктте, арнайы бөлiнген жерлерде аумақтың (облыстың, қаланың, ауданның) бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының нұсқауы және бақылауы бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен жүк иесiнiң күшi мен қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 14. Қазақстан Республикасына әкелiнетiн жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттар мiндеттi түрде заңнамада белгiленген тәртiппен ветеринариялық-санитарлық сараптамадан өткiзiлуге тиiс. 15. Бақылауда болатын импортталатын жүктердi қайта жөнелтуге, оларды пайдаланудың тәртібі мен шарттарын өзгертуге аумағына осы жүктiң әкелiнуi көзделiп отырған уәкiлетті органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлiмшесiнiң өтiнiшi бойынша уәкілеттi орган рұқсат бередi. 16. Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік шекара арқылы қадағалаусыз мал өткен жағдайда, аталған мал ұстауы, карантинде ұстау және уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен олардың одан арғы тағдыры туралы шешiм қабылдау үшiн тиiстi шекаралық аумақтың мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына берiледi. 5. Бақылауда болатын жүктердiң Қазақстан Республикасынан экспорты 17. Бақылауда болатын жүктердiң экспортына рұқсатты ресiмдеу үшiн жүк иесi кемінде 15 күн бұрын жүктің шыққан (тұрған) жерi бойынша уәкiлеттi органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлiмшесiне импорттаушы-елдiң ветеринариялық талаптарына сәйкес сұранысына (немесе ветеринариялық сертификаттың үлгiсiне) қоса берiлетiн түпнұсқасын және оның мемлекеттік немесе орыс тiлдерiндегі аудармасын импорттаушы елді, жүктiң атауын, көлiк құралының түрiн және Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерiнiң мемлекеттік шекараларын қиып өткізу пункттерiн көрсете отырып өтiнiш жасайды. 18. Уәкiлетті органның облыстық (қалалық) аумақтық бөлiмшесi импорттаушы-елдiң ветеринариялық талаптарын, жүктiң сипаттамасын, тиiстi әкiмшiлiктік аумақтағы (ауыл, аудан, қала) эпизоотиялық жағдайларды және қажеттi зертханалық зерттеулердiң орындалуын және ветеринариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн ескере отырып, аталған сұраныстағы жүк түрiнiң экспорты мүмкiндiктерiн қарастырады. Мәселе оң шешiмiн тапқан кезде уәкiлетті органның облыстың (қалалық) аумақтық бөлiмшесi - импорттаушы елдердiң аталған ветеринариялық талаптарында (немесе ветеринариялық сертификатында) көрсетiлген iс-шараларды жүргізу туралы нұсқау бередi және барлық рәсiмдерді өткiзгеннен кейiн уәкiлеттi органнан бақылауда болатын жүк экспортына рұқсат сұрастырады. ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен 19-тармақ толықтырылды 19. Уәкілеттi орган 5 жұмыс күнi iшiнде не аталған жүктердi әкетуге рұқсат бередi не рұқсат бермеу себептерiн көрсетiп жазбаша түрде хабарлайды. Бақылауда болатын жүктердi әкелуге уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды. 20. Уәкiлетті органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшесi экспортқа жөнелтер алдында берiлген ветеринариялық куәлiктiң "Ерекше белгiлер" деген бағанына уәкiлеттi орган рұқсатының және бақылауда болатын жүктердi транзиттiк алып өту жүзеге асырылатын аумақ арқылы басқа мемлекеттердiң орталық мемлекеттік ветеринариялық органдарының транзиттiк рұқсаттарының нөмiрiн және берiлген күнiн көрсетедi. 21. Аймақтық бөлiмше шекветбекетiнiң ветеринариялық инспекторы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерiнде экспортталатын бақылауда болатын жүктерiне ветеринариялық куәлiктiң, оны әкетуге уәкiлеттi орган рұқсатының транзиттi мемлекеттердiң орталық мемлекеттік ветеринариялық органдарының транзиттiк рұқсатының болуын, жүктiң атауына, салмағына, буып-түйiлуiне берiлген құжаттардың санына сәйкестiгiн, тасымалдау шарттарының сақталуын тексередi, ветеринариялық куәлiктiң орнына ветеринариялық сертификат бередi. 22. Осы Ереже талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда бақылауда болатын жүктердi республика шегiнен тыс әкетуге тыйым салынады және жүктер иесiне қайтарылуға жатады. 6. Бақылауда болатын жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк алып өту ҚР Үкіметінің 16.11.04 ж. № 1207 қаулысымен 23-тармақ толықтырылды 23. Бақылауда болатын жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алып өту ветеринария саласындағы ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бақылауда болатын жүктердiң транзитiне уәкiлеттi орган беретiн рұқсаттың қолданылу мерзiмi 30 күннен аспайды. 7. Бақылауда болатын жүктердi Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы алып өту кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарының басқа да мемлекеттік органдармен өзара iс-қимылы 24. Шекара мен көлiктегi мемветқадағалау органдары өз мiндеттерi мен функцияларын шекара қызметi, кедендiк бақылау, iшкi iстер, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау, көлiк және коммуникациялар органдары және басқа да мүдделi органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып өз құзыреті шегiнде жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |