|
|
|
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі және «2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» 2007 жылғы 6 желтоқсандағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін. 2. «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2007 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидия төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 ақпандағы № 87 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 3, 42-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, 2008 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі - Ауылшармині) 009 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бағдарламасының 104 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары және басқа да тауар-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға субсидиялар төлеу тәртібін белгілейді. 2. Субсидиялар отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі - ауылшартауарын өндірушілер) өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштарды және гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге арналған. 3. Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеу осы Ережеге 1-қосымшада айқындалған әр облыс үшін ауыл шаруашылығының басым дақылдарына Ауылшармині бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес жылына бір рет жүзеге асырылады. Бұл ретте ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшері барлық облыстар және Астана қаласы үшін бірыңғай болып табылады. 4. Облыстар және Астана қаласы бойынша субсидиялар көлемі субсидиялар мөлшеріне және ауыл шаруашылығының басым дақылдарының егіс көлеміне сәйкес қалыптасқан Ауылшармині ұсынған сома негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіледі.
5. Ауылшармині бюджеттік бағдарлама әкімшісі ретінде облыстар және Астана қаласы бойынша субсидиялаудың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген көлеміне сәйкес 2008 жылға арналған міндеттеме және төлем бойынша қаржыландыру жоспарларына орай облыстық бюджеттерге және Астана қаласының бюджетіне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударады. 6. Облыстық бюджеттерді және Астана қаласының бюджетін мәслихаттар бекіткеннен кейін екі апта мерзімде облыстардың және Астана қаласының әкімдері Ауылшармині бекіткен 1 гектарға арналған субсидиялар мөлшеріне сәйкес облыстар және Астана қаласы бойынша бекітілген көлем шегінде аудандар бойынша субсидиялар көлемін бекітеді. 7. Ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған тізімін айқындау үшін әрбір ауданда аудан әкімінің шешімімен, ал Астана қаласы бойынша қала әкімінің шешімімен аудан әкімдігінің, ауданның ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімдерінің, аудандық салық комитетінің, статистика басқармасының, Ауылшарминінің аумақтық инспекциясының, аграрлық бейіндегі ғылыми және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен құралатын ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - ВАК) құрылады. Бұл ретте аудандар мен Астана қаласының әкімдері ВАК-тың жұмысын «жалғыз терезе» қағидаты бойынша қамтамасыз етеді. 8. Аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі, ал Астана қаласында қала әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі ВАК-тың жұмыс органы болып табылады. 9. ВАК-тың жұмыс органы ауылшартауарын өндірушілерден құжаттар қабылдаудың мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, ВАК-тың жұмыс істеу тәртібін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етеді. Ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органы белгілеген мерзімде ВАК-қа осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алуға өтінімді және мынадай құжаттарды ұсынады: заңды тұлғаны тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (жеке тұлға үшін тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі); Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесіне құқығын белгілейтін құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі; статистикалық картаның көшірмесі; банктік деректемелер. 10. ВАК-тың жұмыс органы ұсынылған құжаттарды жинауды жүзеге асырады және оларды ВАК-тың қарауына ұсынады. Құжаттарды қарап болған соң ВАК ауыл шаруашылығының басым дақылдары бойынша егіс алаңдарын көрсете отырып, ауылшартауарын өндірушілердің субсидиялар алуға арналған алдын ала тізімін қалыптастырады. Ауылшартауарын өндірушіге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама беріледі. 11. Субсидиялар алу үшін ауылшартауарын өндірушілер көктемгі егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін, алдыңғы жылдың күздік дақылдары жөнінде - нақты өскін бойынша, көпжылдық екпелер жөнінде - олардың нақты алаңдары бойынша бес жұмыс күні ішінде ВАК-қа ауыл шаруашылығының басым дақылдарының өскіндерін (екпелерін) қабылдауға өтініш ұсынады. 12. Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізудің оңтайлы мерзімін субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының түрлері бойынша Ауылшарминінің ғылыми өндірістік орталықтарының ұсынымдары негізінде ауданның (Астана қаласының) жергілікті атқарушы органы айқындайды. Оңтайлы мерзімдерді бұзып егілген басым дақылдар алаңы субсидиялауға жатпайды. 13. ВАК ауылшартауарын өндірушілерден өтініш түскеннен кейін екі апта мерзімде алдыңғы жылғы күздік дақылдар мен көпжылдық екпелер егісін қоса алғанда, жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді субсидиялау бойынша тиісті бюджеттік бағдарлама шеңберінде 2007 және 2008 жылдары бөлінген бюджет қаражаты есебінен отырғызылған көпжылдық екпелерді қоспағанда, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егістікті қабылдау актісін (бұдан әрі - қабылдау актісі) жасап, егістікті қабылдауды жүргізеді. Қабылдау актісі екі данада жасалады, оның біреуі ауылшартауарын өндірушіде қалады. 14. ВАК қабылдау актісінің және ауылшартауарын өндірушілер жұмыс органына ұсынған құжаттардың негізінде егістікті соңғы қабылдау жүргізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілердің субсидия алуға арналған түпкілікті тізімін (бұдан әрі - тізім) жасайды және оны аудан әкіміне, ал Астана қаласы бойынша қала әкіміне бекітуге жібереді. Осы тізімге енгізуден бас тартылған жағдайда жұмыс органы ауылшартауарын өндірушіге бас тарту себебі көрсетілген тиісті анықтама береді. 15. Аудан және Астана қаласы әкімдері екі жұмыс күні ішінде тізімді бекітеді. 16. Аудан әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдері үш жұмыс күні ішінде аудан әкімдері бекіткен тізімді, қабылдау актілерінің көшірмелерін, сондай-ақ осы Ереженің 9-тармағына сәйкес құжаттарды облыстардың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне (облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы департаментіне/басқармасына) ұсынады. 17. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері он жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды тексереді және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомость және төлем шотын қалыптастырады. Облыстардың және Астана қаласының бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері төлем жүргізген кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне екі данада төлем шоттарының тізілімін және төлем шотын ұсынады. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығы үшін облыстың және Астана қаласының бюджеттік бағдарлама әкімшісі жауапты болады. 18. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейінгі мерзімде субсидиялардың көлемі мен сомасын, сондай-ақ бекітілген субсидиялау көлемі игерілмеген жағдайда - игерілмеуге әкеп соққан себептерді көрсете отырып, Ауылшарминіне облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы алдын ала мәліметтер береді. Ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі туралы түпкілікті мәліметтер ағымдағы жылдың 20 тамызына дейінгі мерзімде беріледі. 19. Қандай да бір аудан бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда облыстардың әкімдері оларды осы Ережеге сәйкес облыс бойынша субсидиялаудың бекітілген көлемі шегінде қайта бөлуі мүмкін. 20. Қандай да бір облыс немесе Астана қаласы бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда Ауылшармині заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде субсидияларды облыстар бойынша қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді. 21. Облыстардың және Астана қаласының әкімдері субсидиялар төленгеннен кейін бес күн мерзімде Ауылшарминіне қайта бөлінген сомалар есебінен облыстар және Астана қаласы бойынша ауылшартауарын өндірушілерге төленген субсидиялар көлемі туралы мәліметтер береді. 22. Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауылшартауарын өндірушілерді субсидиялауға бөлінген бюджет қаражатының тиімді, нәтижелі және мақсатты пайдаланылуы үшін Ауылшармині, облыстардың, аудандардың және Астана қаласының әкімдері жауапты болады.
1-қосымша
Республикалық бюджеттен субсидияланатын ауыл шаруашылығының басым дақылдарының тізбесі
2-қосымша
________________ауданының ведомствоаралық комиссиясына
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге сатып алынған жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар мен гербицидтер үшін субсидиялар алуға өтінім
_________________________________________ негізінде әрекет (құрылтай құжаты) ететін ___________________________________________________________ (ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші) атынан бірінші басшы _____________________________________________ (Т. А. Ә., лауазымы)
осымен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жанар-жағармай материалдарын, тыңайтқыштарды (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар мен гербицидтерді сатып алуға байланысты шығындарды ішінара өтеуге және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға субсидиялар бөлуді сұрайды. Сатып алынған жанар-жағармай материалдары, тыңайтқыштар (органикалықтарды қоспағанда), тұқым улағыштар және гербицидтер көрсетілген алаңдарда мынадай ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлерін өсіру үшін пайдаланылды:
__________________ _______га __________________ _____га __________________ _______га __________________ _____га __________________ _______га __________________ _____га Ауылшартауарын өндірушінің заңды мекен-жайы:________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
3-қосымша
«Бекітемін» Аудан әкімі __________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_жылғы «___»__________
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің егістігін және екпелерін қабылдау АКТІСІ 200_жылғы «__»___________ №____
Біз, төменде қол қоюшылар, ВАК төрағасы _____________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері _____________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә) __________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) бір тараптан және ________________________________________________ (ауылшартауарын өндірушінің атауы) _______________ басшысы екінші тараптан 200 жылы мынадай алаңдарда мынадай басым дақылдардың өскіні (екпесі) алынғандығы туралы осы актіні жасадық: __________________ _______га __________________ _____га __________________ _______га __________________ _____га ВАК төрағасы _____________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) ВАК мүшелері _____________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) __________________________________________________________________ (лауазымы, Т.А.Ә.) Ауылшартауарын өндіруші: _________________________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі)
4-қосымша
«Бекітемін» Аудан әкімі __________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_жылғы «___»__________
Субсидиялар алуға ауылшартауарын өндірушілердің тізімі
ВАК төрағасы _________________ Аудан әкімдігінің ауыл (қолы, Т.А.Ә.) шаруашылығы бөлімі ВАК мүшелері _________________ ______________________ (қолы, Т.А.Ә.) (қолы, Т.А.Ә.) _____________________ (қолы, Т.А.Ә.) М.О.
Ескертпе: * - 1 гектарға арналған субсидиялардың мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді.
5-қосымша
«Бекітемін» ___________________облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры (басқарма бастығы) __________________________ (Т.А.Ә., қолы, мөрі) 200_жылғы «___»__________
Ауылшартауарын өндірушілерге субсидиялар төлеуге арналған ведомость
Қаржы бөлімінің бастығы _______________________ (қолы, Т.А.Ә.) Бөлім бастығы _______________________ (қолы, Т.А.Ә.)
Ескертпе: * - 1 гектарға арналған субсидия мөлшерін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |