Қазақстан Республикасының
2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы
Осы редакция 2008 жылғы 4 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2007.12.12. № 1223 Қаулысын қара
1-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін: 1) кірістер - 2 687 282 259 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 2 209 284 565 мың теңге; салықтық емес түсімдер бойынша - 46 088 728 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 8 726 192 мың теңге; трансферттер түсімдері бойынша - 423 182 774 мың теңге; 2) шығындар - 2676 161 253 мың теңге; 3) операциялық сальдо - 11 121 006 мың теңге; 4) таза бюджеттік кредит беру - 55 686 680 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 61 636 752 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 950 072 мың теңге; 5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 165 938 207 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 167 438 207 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 500 000 мың теңге; 6) тапшылық - - 210 503 881 мың теңге немесе елдің жалпы ішкі өнімінің 1,4 проценті; 7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 210 503 881 мың теңге.
2-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 13 972 500 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 011 499 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсімдері көзделсін.
3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін 2008 жылға арналған бюджетке түсетін түсімдердің көлемі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4-бап. Тиісті бюджеттің кірісіне мыналар есептелетін болып белгіленсін: бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Роялти» коды бойынша - жер қойнауын пайдаланушылардың Республикалық жер қойнауын қорғау және минералдық-шикізат базасын ұдайы молықтыру қоры алдындағы берешегі, сондай-ақ келісім-шарттық аумақтарды геологиялық зерттеуден мемлекет шеккен, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттардың негізінде осы кен орындарын пайдаланатын жер қойнауын пайдаланушылар өтейтін тарихи шығындар сомасы; бірыңғай бюджеттік сыныптаудың кірістер сыныптамасының «Әлеуметтік салық» коды бойынша - бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа, Міндетті медициналық сақтандыру қорына, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жолдарын пайдаланушылардың бұрын Жол қорына түсіп келген аударымдары. Бұл ретте Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен 2004 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, салық режимі тұрақтылығының кепілдігі көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер жоғарыда аталған аударымдарды немесе әлеуметтік салықты «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың сомасына азайтады; «Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; «Өндірушілер көтерме саудада сататын өзі өндіретін дизель отыны» коды бойынша - бұрын Жол қорына түсіп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек.
5-бап. Жұмыс берушілер еңбекке уақытша жарамсыздық, жүктілік пен босану бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленіп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударымдардың есептелген сомасынан асып түсуі нәтижесінде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған теріс сальдо ай сайын жалақы қорының 3 проценті шегінде әлеуметтік салық төлеу есебіне жатқызылады.
6-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алып қоюлардың көлемі 81 752 134 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Атырау облысынан - 15 467 703 мың теңге; Маңғыстау облысынан - 4 249 313 мың теңге; Алматы қаласынан - 52 400 834 мың теңге; Астана қаласынан - 9 634 284 мың теңге.
7-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік берілген трансферттің мөлшері 341 430 640 мың теңге сомасында көзделсін.
8-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгі мөлшері - 10 515 теңге; 2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері - 4 210 теңге; 3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 7 900 теңге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 1 168 теңге; 5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 10 515 теңге болып белгіленсін.
9-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), ішкі істер органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің, қаржы полициясы органдарының жедел-іздестіру, тергеу және саптық бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшін ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 430 теңге сомасында белгіленсін.
10-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялар көлемі 449 066 155 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде: Ақмола облысына - 31 498 056 мың теңге; Ақтөбе облысына - 15 722 690 мың теңге; Алматы облысына - 48 921 656 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына - 46 936 313 мың теңге; Жамбыл облысына - 44 196 691 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына - 20 212 610 мың теңге; Қарағанды облысына - 35 715 079 мың теңге; Қостанай облысына - 33 661 004 мың теңге; Қызылорда облысына - 36 160 661 мың теңге; Павлодар облысына - 14 677 917 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына - 31 031 953 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына - 90 331 525 мың теңге.
11-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мынадай мөлшерлерде ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін: жаңадан іске қосылатын денсаулық сақтау объектілерін ұстауға - 334 626 мың теңге; жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін ұстауға - 3 834 034 мың теңге; жаңадан іске қосылатын әлеуметтік қамсыздандыру объектілерін ұстауға - 51 246 мың теңге; дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды сатып алуға - 10 459 303 мың теңге; ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың аса маңызды топтық жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 1 761 364 мың теңге. Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
12-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге 11 908 331 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін. Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
13-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, сондай-ақ радиациялық қауіпті аймақтарда және жеңілдікті әлеуметтік-экономикалық мәртебесі бар аумақта тұрып жатқан және 1949 - 1990 жылдар аралығында тұрған жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін халыққа біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеуге 4 935 690 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. Аталған қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бөлінетін болып белгіленсін.
14-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ауыл шаруашылығын дамытуға 21 747 462 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: тұқым шаруашылығын дамытуды қолдауға - 1 134 415 мың теңге; асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға - 1 853 895 мың теңге; өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын басымдықты дақылдар бойынша - 12 805 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауға - 775 036 мың теңге; жеміс дақылдары мен жүзімнің көпжылдық екпелерін отырғызуды және өсіруді қамтамасыз етуге - 1 185 756 мың теңге; мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға - 3 739 656 мың теңге; қазақстандық мақта талшығының сапасына сараптама жасауға - 253 704 мың теңге. Аталған сомаларды облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне бөлу және оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
15-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 12 459 924 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға -2 457 650 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 2 676 454 мың теңге; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жүйесіне интерактивті оқыту жүйесін енгізуге - 7 325 820 мың теңге. Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
16-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 17 719 606 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның ішінде: жергілікті деңгейде қан орталықтарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 1 200 219 мың теңге; жергілікті деңгейде медициналық денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға - 16 519 387 мың теңге. Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерді бөлуді және оларды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
17-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Алматы облысының бюджетіне және Алматы қаласының бюджетіне білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің сейсмикалық тұрақтылығын күшейту үшін 4 437 369 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен сейсмикалық тұрақтылығы күшейтілуге тиісті Алматы облысы мен Алматы қаласындағы білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкімeті айқындайды.
18-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға 54 054 442 мың теңге сомасында шығындар, оның ішінде: ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау ісінде ұтқыр және телемедицинаны дамытуға - 629 689 мың теңге; мыналарға нысаналы даму трансферттері: ауылдық (селолық) елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 16 266 592 мың теңге; ауылдық (селолық) жерлердің білім беру объектілерін салуға және реконструкциялауға - 20 133 909 мың теңге; ауылдық (селолық) жерлердің денсаулық сақтау объектілерін салуға және реконструкциялауға - 17 024 252 мың теңге көзделсін. Аталған нысаналы даму трансферттері қаражатының есебінен 2008 жылы салынуға және реконструкциялануға тиісті ауылдық (селолық) жерлердің білім беру, денсаулық сақтау және ауыз сумен жабдықтау объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
19-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Алматы қаласының бюджетіне қалаларда білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерін салуға және реконструкциялауға 48 998 160 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен салынуға және реконструкциялануға тиісті қалалардағы білім беру мен денсаулық сақтаудың аса маңызды объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
20-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде денсаулық сақтау объектілерін салу үшін аванс төлемін төлеуге 17 410 176 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерінің тізбесі мен сомаларын бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
21-бап. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі шығыстарының құрамында агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік қолдауға 1 292 201 мың теңге, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдерімен айқындалатын тәртіппен мыналарға байланысты іс-шараларды қаржыландыруға: ауыл шаруашылығы техникасының қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 118 646 мың теңге; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтардың қаржы лизингі бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын өтеуге - 3 555 мың теңге; өсімдік шаруашылығындағы сақтандыруды қолдауға - 100 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялауға - 1 000 000 мың теңге; ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін басқару жүйелерін дамытуды субсидиялауға 70 000 мың теңге көзделсін.
22-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі шығыстарының құрамында Ресей Федерациясының шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы «Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» акционерлік қоғамының берешегін реттеу үшін «Достық Энерго» акционерлік қоғамына кредиттік ресурстар беруге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен 2 551 500 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
23-бап. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі шығыстарының құрамында Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының Түркіменстанның шаруашылық жүргізуші субъектілері алдындағы борыштарын төлеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге 95 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
24-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылға арналған резерві 260 415 628 мың теңге сомасында бекітілсін.
25-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға: мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына 7 300 000 мың теңге сомасында; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға 35 000 000 мың теңге сомасында нысаналы даму трансферттері көзделсін. Аталған нысаналы даму трансферттерін бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
26-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Қазақстан Республикасында 2008 - 2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен сыйақының (мүдденің) нөлдік ставкасы бойынша тұрғын үй салуға және сатып алуға кредит беруге 31 200 000 мың теңге көзделсін.
27-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте тұрғын үй құрылысы жинақ ақшаларына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақыларын төлеуге 716 200 мың теңге сомасында қаражат көзделсін.
28-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте «Тұрғынүйқұрылысбанкі» жабық акционерлік қоғамы арқылы алынған жеңілдікті тұрғын үй кредиттері қарыз алушыларының 2007 жылғы төлемдері бойынша бағамдық айырманы төлеуге 49 516 мың теңге көзделсін.
29-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі шығындарының құрамында мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға және сақтауға 4 552 079 мың теңге сомасында, оның ішінде республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәртібімен шығарылған 2 260 782 мың теңге сомасындағы материалдық құндылықтарды сатудан түскен қаражатты көрсете отырып, қаражат көзделгені ескерілсін.
30-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте: концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарға сараптама жасауға - 72 000 мың теңге; концессиялық жобаларды бағалауға және оларға сараптама жасауға 900 000 мың теңге сомасында қаражат көзделсін. Аталған сомаларды бөлу Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалады.
31-бап. 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылған заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындауға бөлінген кредиттер мен қаражат жөніндегі талаптары, Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын заңды тұлғалардың тізбесі мен берешек көлемдері бойынша 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап тоқтатылатын болып белгіленсін.
32-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекет кепілдік берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшін 3 117 923 мың теңге көзделсін.
33-бап. 2008 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін беру лимиті 15 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
34-бап. 2008 жылғы 31 желтоқсанға үкіметтік борыш лимиті 1 005 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
35-бап. 2008 жылы мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті 35 000 000 мың теңге мөлшерінде белгіленсін.
36-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттің бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөліне отырып, 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
37-бап. 2008 жылға арналған республикалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2008 жылға арналған жергілікті бюджеттерді атқару процесінде 5-қосымшаға сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалар секвестрлеуге жатпайтын болып белгіленсін.
38-бап. Осы Заң 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2007 жылғы желтоқсанның 6-сы.
№ 8-ІV ҚРЗ
республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы № 8-ІV Заңына 1-ҚОСЫМША
2008 жылға арналған республикалық бюджет
___________________________________________________________________ Санаты Атауы Сомасы, Сыныбы мың теңге Ішкі сыныбы ___________________________________________________________________ 1 2 3 ___________________________________________________________________
І. Кірістер 2 687 282 259 1 Салықтық түсімдер 2 209 284 565 01 Табыс салығы 1 013 578 900 1 Корпорациялық табыс салығы 1 013 578 900 05 Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге 967 089 078 салынатын ішкі салықтар 1 Қосылған құн салығы 883 048 712 2 Акциздер 29 096 665 3 Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны 52 297 835 үшін түсетін түсімдер 4 Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені 2 015 866 үшін алынатын алымдар 06 Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға 217 423 245 салынатын салықтар 1 Кеден төлемдері 198935603 2 Халықаралық сауда мен операцияларға 18487642 салынатын басқа да салықтар 07 Басқа да салықтар 10 000 1 Басқа да салықтар 10 000 08 Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны 11183342 және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер 1 Мемлекеттік баж 11183342 |