Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 25 ақпандағы № 62 Қаулысымен күші жойылды
Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 125 қаулысымен бекітілген
Уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу барысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарты (2008.25.09. берілген өзгерістермен)
1. Осы стандарт уақытша жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу барысында мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін анықтайды. 2. Мемлекеттік қызмет көрсету түрі: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 2003 жылғы 20 маусымдағы 14-1 бабының негізінде жүзеге асырылады. 4. Жер учаскесі туралы анықтама беру барысында мемлекеттік қызметті: 1) «Жамбыл облысы әкімиятының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай Басқарма) ұсынады. Қызмет көрсету орны: Тараз қаласы, 2-ші бұрылыс Қазыбек би, 26. Сайт: www.zhambyl.kz 2) «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі. (әрі қарай Бөлім): Қызмет көрсету орны: Тараз қаласы, Желтоқсан, 24. Сайт: www.zhambyl.kz Жамбыл облысы әкімиятының 2008.25.09. № 305 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау түрі: Уақытша жер пайдалану құқығына сәйкестендіру құжатын (мемлекеттік актіні) рәсімдеу. 6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсетуде қойылатын мерзімдік шектеулер: 1) Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 күн; 2) Құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтуге кететін уақыт: 30 минут; 3) Құжаттарды алу кезінде кезек күтуге кететін уақыттың шегі, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: 30 минут. 8. Уақытша жер пайдалану құқығына акт тегін беріледі. 9. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат ресми мәліметтер көздерінде: облыстық «Ақ жол», «Знамя труда» газеттерінде, басқарма және бөлім фойесінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ www.zhambyl.kz веб сайтында орналасады. 10. Басқарманың және Бөлімінің жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі күндерінен басқа, күнделікті сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, түскі үзіліс мезгілі сағат 13-00 ден 14-00 ге дейін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|