Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (2007.21.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2008 жылғы 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының ЗаңДАР ЖИНАҒЫНЫҢ iii ТОМЫНА ЕНГІЗІЛГЕН Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің мәтінін қара
V бөлім. Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату VI бөлім. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы VII бөлім. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 1-тарау. Жеке адамға қарсы қылмыс 2-тарау. Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстар 3-тарау. Адамның және азаматтың Конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар 4-тарау. Бейбiтшiлiк пен адамзат қауiпсiздiгiне қарсы қылмыстар 5-тарау. Мемлекеттiң конституциялық құрылысына және қауiпсiздiгiне 6-тарау. Меншiкке қарсы қылмыстар 7-тарау. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 8-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстар 9-тарау. Қоғамдық қауiпсiздiкке және қоғамдық тәртiпке қарсы қылмыстар 10-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстар 11-тарау. Экологиялық қылмыстар 13-тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделерiне қарсы қылмыс 14-тарау. Басқару тәртібіне қарсы қылмыс 15-тарау. Сот төрелiгiне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар ҚР Қылмыстық Кодексiн күшiне енгізу туралы ҚР 1997 жылғы 16 шiлдедегi № 168-1 Заңын қараңыз
I бөлiм. Қылмыстық заң 1-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдары тек қана осы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнен тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар оларды осы Кодекске енгiзгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс. 2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi. 2-бап. Қылмыстық кодекстiң мiндеттерi 1. Осы Кодекстiң мiндеттерi: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. 2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi. 3-бап. Қылмыстық жауаптылық негiзi Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бiрден-бiр негiзi болып табылады. Бiр қылмыс үшiн ешкiмдi де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. 4-бап. Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы Әрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгiленедi. Қоғамдық қауiптi iс-әрекет (әрекетсiздiк) жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады. 5-бап. Қылмыстық заңның керi күшi 1. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi әрекет жасаған адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға қолданылады. 2. Егер жаңа қылмыстық заң адам сол үшiн жазасын өтеп жүрген әрекеттiң жазаланатындығын жеңiлдетсе, тағайындалған жаза жаңадан шығарылған қылмыстық заң санкциясының шегiнде қысқартылуға тиiс. 3. Әрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын белгiлейтiн, жауаптылықты немесе жазаны күшейтетiн немесе осы әрекеттi жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен нашарлататын заңның керi күшi болмайды. 6-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасы аумағында қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам осы Кодекс бойынша жауапқа тартылуға тиiс. 2. Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады. 3. Қазақстан Республикасының портына тiркелген де Қазақстан Республикасының шегiнен тыс ашық су немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблiнде немесе әскери әуе кемесiнде қылмыс жасаған адам да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 4. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерiнiң және иммунитеттi пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi. 7-бап. Қылмыстық заңның Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы 1. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезiнде жазаны аумағында қылмыс жасалған мемлекеттiң заңында көзделген санкцияның жоғары шегiнен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негiздерде жауапты болады. 2. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттiң аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасы мүдделерiне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасалған қылмысы үшiн қылмыстық жауаптылығы туралы мәселенi шешу үшiн қылмыстық-құқықтық мәнi болмайды. 3. Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi шет мемлекеттiң аумағында жасаған қылмысы үшiн, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдiктер қылмысы Қазақстан Республикасының мүдделерiне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 8-бап. Қылмыс жасаған адамдарды ұстап беру 1. Басқа мемлекеттiң аумағында қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер халықаралық шартта өзгеше белгiленбесе, ол мемлекетке ұстап берiлмеуге тиiс. 2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қылмыс жасаған және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қылмыстық жауапқа тарту немесе жазасын өтеу үшiн шет мемлекетке ұстап берiлуi мүмкiн. 9-бап. Қылмыс ұғымы 1. Осы Кодексте жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берiлмейдi. 2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген қайсыбiр әрекеттiң белгiлерi формальды болса да бар, бiрақ елеулi маңызы болмағандықтан қоғамдық қауiптi емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтiрмеген және зиян келтiру қаупiн туғызбаған iс-әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыс болып табылмайды. 1. Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауiптілік дәрежесiне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлiнедi. 2. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады. 3. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады. 4. Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екi жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады. 5. Жасалғаны үшiн осы Кодексте он екi жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлiм жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады. 11-бап. Қылмыстың бiрнеше мәрте жасалуы 1. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң белгiлi бiр бабында немесе бабының бөлiгiнде көзделген екi немесе одан да көп әрекеттi жасау - қылмыстардың бiрнеше рет жасалуы деп танылады. 2. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң түрлi баптарында көзделген екi немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетiлген жағдайларда ғана бiрнеше рет жасалған деп танылуы мүмкiн. 3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшiн заңмен белгiленген тәртiп бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса не адамның бұрын жасаған қылмысы үшiн соттылығы жойылған немесе онысы алынған болса, немесе мұндай қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тарту мерзiмi өтiп кетсе, қылмыс бiрнеше рет жасалған деп танылмайды. 4. Жалғасатын қылмыс, яғни бiр ниетпен және бiр мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда бiр қылмысты құрайтын бiрқатар бiрдей қылмыстық әрекеттерден тұратын қылмыс бiрнеше мәрте жасалған қылмыс деп танылмайды. 5. Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы осы Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретiнде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң қылмыстарды бiрнеше мәрте жасағаны үшiн жазалауды көздейтiн бабының тиiстi бөлiгi бойынша айқындалады. ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңына сәйкес 12-бап толықтырылды 12-бап. Қылмыстардың жиынтығы 1. Осы Кодекстiң түрлi баптарында немесе баптарының бөлiктерiнде көзделген, адам солардың бiрде-бiреуi үшiн сотталмаған немесе заңмен белгiленген негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екi немесе одан да көп әрекеттердi жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Қылмыстардың жиынтығында адам , егер жасалған әрекеттердiң белгiлерi осы Кодекстiң бiр бабының немесе бабының бiр бөлiгiнiң неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр жасалған қылмыс үшiн осы Кодекстiң тиiстi бабы немесе бабының бөлiгi бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 2. Осы Кодекстiң екi немесе одан да көп баптарында көзделген қылмыстардың белгiлерi бар бiр iс-әрекет (әрекетсiздiк) те қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Адам қылмыстардың мұндай жиынтығында, егер бiр әрекеттiң белгiлерi осы Кодекс бабының басқа әрекет үшiн неғұрлым қатаң жаза қолдануды көздейтiн нормасымен қамтылмаған болса, әрбiр қылмыс үшiн осы Кодекстің тиiстi баптары бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. 3. Егер белгiлi бiр және нақ сол әрекет осы Кодекстiң тиiстi баптарының жалпы және арнаулы нормаларының белгiлерiне сәйкес келсе, қылмыстардың жиынтығы болмайды және қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң арнаулы норманы қамтитын бабы бойынша туындайды. 1. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. а) егер адам бұрын қасақана жасаған қылмысы үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауiптi деп танылады. а) егер адам бұрын ауыр қылмыс немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс жасағаны үшiн кемiнде үш рет бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адам қасақана жасаған қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшiн екi рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда; в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауiптi деп танылады. 4. Он сегiз жасқа толмаған адамның жасаған қылмысы үшiн соттылығы, сондай-ақ осы Кодексте белгiленген тәртiп бойынша алынып тасталған немесе жойылған соттылық қылмыстың қайталануын тану кезiнде ескерiлмейдi. 5. Қылмыстардың қайталануы осы Кодексте көзделген негiздер мен шектерде неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтырады. 14-бап. Қылмыстық жауапқа тартылуға тиiстi адамдар 1. Есi дұрыс, осы Кодексте белгiленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 2. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, сенімiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына, тұрғылықты жерiне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бiрдей. ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңына сәйкес 15 бап өзгертілді 15-бап. Қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасы 1. Қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. 2. Қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адамдар кiсi өлтiргенi (96-бап), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiргенi (103-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтiргенi (104-бап, екiншi бөлiк), зорлағаны (120-бап), жыныстық сипаттағы күштеу әрекеттерi (121-бап), адамды ұрлағаны (125-бап), ұрлық жасағаны (175-бап), кiсi тонағаны (178-бап), ұрып-соққаны (179-бап), қорқытып алғаны (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде автомобильдi немесе өзге де көлiк құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иеленгенi (185-баптың екiншi, үшiншi, төртiншi бөлiктерi), ауырлататын мән-жайлар кезiнде мүлiктi қасақана жойғаны немесе бүлдiргенi (187-баптың екiншi, үшiншi бөлiктерi), терроризм (233-бап), адамды кепiлге алуы (234-бап), террористік актi туралы бiле тұра көрiнеу өтiрiк хабарлағаны (242-бап), қару-жарақты, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды ұрлағаны не қорқытып алғаны (255-бап), ауырлататын мән-жайлардағы бұзақылығы (257-баптың екiншi, үшiншi бөлiгi), тағылық (258-бап), есiрткi заттарды немесе жүйкеге әсер ететiн заттарды ұрлағаны не қорқытып алғаны (260-бап), ауырлататын мән-жайлар кезiнде қайтыс болған адамдардың мүрдесiн және олардың жерленген жерлерiн қорлағаны (275-бап, екiншi бөлiгi), көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз еткенi (299-бап) үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 3. Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiгiнде көзделген жасқа толса, бiрақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде түсiне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес. 1. Осы Кодексте көзделген қоғамдық қауiптi әрекеттi жасаған кезде есi дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауiптілігiн ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс емес. 2. Есi дұрыс емес деп танылған адамға сот осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануы мүмкiн. 17-бап. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психикасы бұзылған адамның қылмыстық жауаптылығы 1. Қылмыс жасаған кезiнде психикасының бұзылуы салдарынан өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) iс жүзіндегі сипатымен қоғамдық қауiптілігiн толық көлемiнде ұғына алмаған не оған ие бола алмаған есi дұрыс адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 2. Есiнiң дұрыстығы жоққа шығарылмайтын психиканың бұзылуын сот жаза тағайындау кезiнде жеңiлдетушi мән-жай ретiнде ескередi және ол осы Кодексте көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау үшiн негiз бола алады. 18-бап. Мас күйiнде қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы Алкогольдi iшiмдiктi, есiрткi заттарды немесе басқа да есеңгiрететiн заттарды пайдалану салдарынан мас күйiнде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. 1. Адам соларға қатысты өз кiнәсi анықталған қоғамдық қауiптi әрекетi (iс-әрекет немесе әрекетсiздiгi) және пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар үшiн ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 2. Объективтi айыптауға, яғни кiнәсiз зиян келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылыққа жол берiлмейдi. 3. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кiнәлi деп танылады. 4. Абайсызда жасалған әрекет ол Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады. 20-бап. Қасақана жасалған қылмыс 1. Тiкелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. 2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуының мүмкiн екенiн немесе болмай қоймайтынын алдын ала бiлсе және осы зардаптардың болуын тiлесе, қылмыс тiкелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады. 3. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiптi екенiн ұғынып, оның қоғамдық қауiптi зардаптары болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, осы зардаптардың болуын тiлемесе де, бұған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады. 21-бап. Абайсызда жасалған қылмыс 1. Менмендiкпен немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. 2. Егер адам өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамға қауiп туғызуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлсе, бiрақ бұл зардаптарды жеткiлiктi негiздерсiз жеңiлтектiкпен болғызбау мүмкiндiгiне сенсе, қылмыс менмендiкпен жасалған қылмыс деп танылады. 3. Егер адам қажеттi ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап бiлуге тиiс және болжап бiле алатын бола тұра өз iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн болжап бiлмесе, қылмыс немқұрайдылықпен жасалған қылмыс деп танылады. 22-бап. Кiнәнiң екi нысанымен жасалған қылмыс үшiн жауаптылық Егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетiмен қамтылмаған ауыр зардаптар келтiрiлсе, мұндай зардаптар үшiн қылмыстық жауаптылық, егер адам олардың пайда болатынын алдын ала бiлсе, бiрақ осыған жеткiлiктi негiздерсiз оларды болдырмауға менмендiкпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе, бiрақ болжауға тиiс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады. Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана жасалған деп танылады. 1. Егер iс-әрекет жасаған адамның iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) және одан кейiн пайда болған қоғамдық қауiптi зардаптар оның ниетiмен қамтылмаса, ал осы Кодексте абайсызда мұндай әрекет жасағаны және қоғамдық қауiптi зардаптар келтiргенi үшiн қылмыстық жауаптылық көзделмесе, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. 2. Егер әрекет жасаған адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) қоғамдық қауiптілігiн ұғынбаған және iстiң мән-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық қауiптi зардаптардың пайда болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлмесе және iстiң мән-жайы бойынша оларды алдын ала бiлуге тиiс болмаса немесе бiлуi мүмкiн болмаса, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. Егер әрекет жасаған кезде қоғамға қауiптi зардаптардың пайда болуын алдын ала бiлген адам оны болғызбауға жеткiлiктi негiзде сенген болса не өзiнiң психика-физиологиялық қасиеттерiнiң қысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуiне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға байланысты осы зардаптарды болғызбауға шамасы келмесе де, әрекет жазықсыз жасалған деп танылады. 24-бап. Қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу 1. Тiкелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын iздестiру, әзiрлеу немесе бейiмдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды iздестiру, қылмыс жасауға сөз байласу не қылмыс жасау үшiн өзге де қасақана жағдайлар жасау, егер бұл орайда қылмыс адамның еркiне байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмысқа дайындалу деп танылады. 2. Ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшiн қылмыстық жауаптылық басталады. 3. Тiкелей қылмыс жасауға тура бағытталған ниетпен жасалған iс-әрекет (әрекетсiздiк), егер бұл орайда қылмыс адамға байланысты емес мән-жайлар бойынша ақырына дейiн жеткiзiлмесе, қылмыс жасауға оқталу болып танылады. 4. Қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшiн ғана басталады. 5. Қылмыс жасауға дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшiн қылмыстық жауаптылық осы Кодекстiң аяқталған қылмысқа арналған бабы бойынша, осы баптың тиiстi бөлiгiне сiлтеме жасай отырып басталады. Егер адам жасаған әрекетте осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгiлерi болса, қылмыс аяқталған деп танылады. 26-бап. Қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту 1. Адамның дайындау iс-әрекеттерiн немесе қылмыс iстеуге тiкелей бағытталған дайындалу iс-әрекетiн тоқтатуы не iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) тоқтатуы, егер адам қылмысты ақырына дейiн жеткізу мүмкiндiгiн ұғынған болса, қылмыс iстеуден өз еркiмен бас тарту деп танылады. Егер адам бiр қылмысты ақырына дейiн жеткізуден өз еркiмен және бiржола бас тартса, ол осы қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс. 2. Қылмысты ақырына дейiн жеткізуден өз еркiмен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. 3. Қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер ол адамдар мемлекеттік органдарға хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының қылмысты ақырына дейiн жеткізуiне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс. Егер орындаушы қылмысты аяқтағанға дейiн оған күнi бұрын уәде берген жәрдемнен бас тартса немесе көрсетіліп үлгерген көмектiң салдарын жойса, қылмысқа көмектесушi қылмыстық жауапқа тартылмауға тиiс. 4. Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған iс-әрекет орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға әкелмесе, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезiнде жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылуы мүмкiн. |