Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен күші жойылды
Жарлыққа түсініктемені қара
Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қолжетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға (1-кезең) арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2008 жылғы шілденің 1-і. № 626.
Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 626 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Мазмұны 3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау 4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері 5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|