Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге (2007.28.05. берілген толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін. 2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген). 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 4. Сәйкес рейтингтік бағасы бар зейнетақы активтерінің есебінен қаржы құралдарына, оның ішінде тиісінше рейтингі бар эмитент акцияларына инвестициялардың нақты көлемі мыналарды құрауы керек: 1) 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің отыз пайызынан кем емес; 2) 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің қырық пайызынан кем емес; 3) 2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің елу пайызынан кем емес; 4) 2008 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша - қордың зейнетақы активтерінің жетпіс пайызынан кем емес. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|