<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Информация о документе
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2006.07.07. № 167-III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының Заңы
 
Концессиялар туралы

 

Осы редакция 2008 жылғы 5 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

  • Показать изменения

1-тарау. Жалпы ережелер

(1-7 баптар)

  • Показать изменения

2-тарау. Концессия саласындағы мемлекеттік реттеу

(8-14 баптар)

  • Показать изменения

3-тарау. Объектілерді концессияға беру

(15-20 баптар)

  • Показать изменения

4-тарау. Концессия шарты

(21-26 баптар)

  • Показать изменения

5-тарау. Қорытынды ережелер

(27-29 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

  • Показать изменения

Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын айқындайды және концессия шарттарын жасасу және орындау процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

1-тарау.

Жалпы ережелер

 

  • Показать изменения

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

  • Показать изменения

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Показать изменения

1) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

2) концедент - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ олар концессия шартын жасасуға уәкілдік берген мемлекеттік органдар;

  • Показать изменения

3) концессионер - концессия шартына сәйкес концессия объектісіне құқық алған заңды тұлға (мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

  • Показать изменения

4) концессия - концессия шарты бойынша мемлекеттік меншік объектілерін жақсарту және тиімді пайдалану мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға беру, сондай-ақ концессионердің қаражаты есебінен міндетті түрде қаржыландыра отырып және мемлекетке бере отырып, концессионерге иелену, пайдалану және билік ету құқығын беріп, не онсыз, жаңа объектілерді концессионер қаражаты есебінен құру (салу) құқықтарын беру;

  • Показать изменения

5) концессия бойынша конкурсты ұйымдастырушы (бұдан әрі - конкурсты ұйымдастырушы) - концессия бойынша конкурстар өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

6) концессия объектісі - жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері және концессия шартының талаптарын орындау нәтижелері бойынша болашақта пайда болатын объектілер;

  • Показать изменения

7) концессия шарты - концедент пен концессионер арасында жасалатын, тараптардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін, концессияны іске асыру шартын айқындайтын жазбаша келісім;

  • Показать изменения

8) концессиялық жоба - шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске асырылатын және аяқталған сипаты бар концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

  • Показать изменения

9) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган - экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында (аясында) республикалық меншік объектілерін басқару саласында өз құзыреті шегінде арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, меншікті жекешелендіруді және оның мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Показать изменения

10) тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы - мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  • Показать изменения

11) экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-бап. Қазақстан Республикасының концессиялар

туралы заңнамасы

  • Показать изменения

1. Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасы Конституцияға негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Показать изменения

Осы Заңның ережелері жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастарға қолданылмайды. Жер қойнауын пайдалану саласындағы концессияға байланысты қатынастар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес реттеліп, жүзеге асырылады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Концессияның негізгі принциптерi

  • Показать изменения

Концессия объектілерін беруге байланысты қызмет мынадай негізгі принциптерге:

1) концедент пен концессионер қызметінің жариялылығы мен ашықтығына;

2) концедент пен концессионердің мүдделері мен тәуекелдерінің теңдестірілімін қамтамасыз етуге;

  • Показать изменения

3) концессионер концессия шарты бойынша беретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге негізделеді.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-бап. Концессияның қолданылу аясы

  • Показать изменения

Тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын объектілерді қоспағанда, экономиканың барлық салаларындағы (аясындағы) объектілер концессияға беріле алады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

5-бап. Концессия объектілеріне меншік құқығы

  • Показать изменения

1. Концессияға берілген, осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген объектілерде жүргізілген жақсартулар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері және осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік меншік құқықтары мемлекеттік меншік болып табылады.

  • Показать изменения

2. Шарттың талаптарын орындау нәтижелері бойынша пайда болған концессия объектілері мемлекетке:

1) концессия объектісінің құрылысы аяқталғаннан кейін, кейіннен осы объектілерді концессионердің пайдалануы арқылы;

2) концессия шартында айқындалған мемлекеттік меншік объектісінің пайдаланылу кезеңі аяқталғаннан кейін беріледі.

  • Показать изменения

3. Егер концессия шартында өзгеше көзделмесе, концессионердің концессия объектілерін пайдалану нәтижесінде алған өнімі мен өзге де кірістері оның меншігі болып табылады.

  • Показать изменения

4. Концессия объектілері концеденттің алдын ала жазбаша келісімінсіз кепіл нысанасы бола алмайды.

  • Показать изменения

5. Концессия объектілері концессия шартының қолданылу мерзімі кезеңінде иеліктен шығарылуға жатпайды.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Концессионерге жер учаскелеріне құқықтар беру

Концессия шартын іске асыру мақсатында концессионерге Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер пайдалану құқықтарының берілуі мүмкін.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

7-бап. Концессия шартына байланысты келтірілген

  • Показать изменения

шығындарды өтеу

  • Показать изменения

1. Концессионердің концессия шартын орындауға байланысты шығындары өндірілген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сату және концессия объектісін пайдалану процесінде кірістер алу арқылы өтелуі мүмкін.

  • Показать изменения

2. Концессионер шығаратын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) негізгі тұтынушысы мемлекет болған жағдайда, мемлекет концессионерге концессия шартының талаптарын орындау кезінде шеккен шығындарын өтеу мақсатында тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір көлемін тұтыну кепілдіктерін беруі мүмкін.

  • Показать изменения

3. Мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктері бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимитінен аспауға тиіс.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2-тарау.

  • Показать изменения

КОНЦЕССИЯ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

 

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттіктерi

Қазақстан Республикасының Үкіметі концессия саласында:

  • Показать изменения

1) концессияға орта мерзімді кезеңге беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) бекітеді;

  • Показать изменения

2) жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

3) объектілерді концессияға беру жөніндегі конкурсты өткізу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

4) концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстарды (бұдан әрі - ұсыныс) беру, қарау және іріктеу ережелерін бекітеді;

  • Показать изменения

5) экономиканың әр түрлі саласында (аясында) концессияның үлгі шарттарын бекітеді;

  • Показать изменения

6) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияны (бұдан әрі - комиссия) құрады және ол туралы ережені бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

9-бап. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi

  • Показать изменения

мемлекеттік органның өкілеттіктерi

  • Показать изменения

Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды ескере отырып, тізбені жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

10-бап. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi

мемлекеттік органның өкілеттіктерi

  • Показать изменения

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган концессия шарттары бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің шарттарын жасасады, сондай-ақ концессия шарттары бойынша берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

11-бап. Республикалық меншікке билік ету құқығын

жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік

  • Показать изменения

органның өкілеттіктерi

Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:

  • Показать изменения

1) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары табыс ететін ұсыныстарды тізбеге енгізу үшін келіседі;

2) республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

  • Показать изменения

3) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;

  • Показать изменения

4) комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;

  • Показать изменения

5) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

12-бап. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік

органының өкілеттіктерi

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы:

  • Показать изменения

1) жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

  • Показать изменения

2) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;

  • Показать изменения

3) Комиссияның шешімі негізінде республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;

  • Показать изменения

4) республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

  • Показать изменения

5) республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жасалған концессия шарттары бойынша ақпарат береді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

13-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың,

астананың) жергілікті атқарушы органдарының өкілеттіктерi

  • Показать изменения

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде:

  • Показать изменения

1) жеке және заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып, тізбеге енгізу үшін коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады;

  • Показать изменения

2) концессия шартын жасасу кезінде тиісті өңірдегі халықтың әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуына байланысты мәселелерді шешу үшін концессионермен келіссөздер жүргізеді;

  • Показать изменения

3) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша жасалған концессия шарттарының тізілімін жүргізеді;

  • Показать изменения

4) коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты комиссияны құрады және ол туралы ережені бекітеді;

  • Показать изменения

5) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурстың ұйымдастырушысы болады;

6) комиссияның шешімі негізінде коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шартын жасасады;

  • Показать изменения

7) коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілері бойынша концессия шарттарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14-бап. Концессионерлердің қызметін мемлекеттік қолдау

  • Показать изменения

Концессионерлердің қызметін қолдау мақсатында мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері ұсынылуы мүмкін:

1) концессия шарттары шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерліктері;

2) концессиялық жобаларды қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;

  • Показать изменения

3) концессия объектісін пайдалануға байланысты ерекше құқықтардың берілуі;

  • Показать изменения

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру.

  • Показать изменения

2. Концессионерге мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылуы мүмкін.

  • Показать изменения

3. Концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың осы баптың 1-тармағында көзделген түрлерінің біреуі не бірнешеуі ұсынылған кезде мұндай қолдаудың жиынтық құны концессиялық жобаның өз құнынан аспауға тиіс.

  • Показать изменения

Мемлекеттік қолдау құнын бағалаудың әдістемесін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әзірлеп, бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

3-тарау.

ОБЪЕКТІЛЕРДІ КОНЦЕССИЯҒА БЕРУ

 

  • Показать изменения

15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібi

  • Показать изменения

Объектілерді концессияға беру мынадай үш кезеңде жүзеге асырылады:

  • Показать изменения

тізбені жасау;

  • Показать изменения

концессия бойынша конкурс өткізу;

  • Показать изменения

концессионерді анықтау және концессия шартын жасасу.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16-бап. Тізбе жасау

  • Показать изменения

1. Тізбені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

  • Показать изменения

Тізбе Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануға тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

2. Тізбе мынадай екі бөлімнен тұрады:

  • Показать изменения

1) жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншік объектілері;

  • Показать изменения

2) салынуы және пайдаланылуы концессия шарттары негізінде жүзеге асырылатын объектілер.

  • Показать изменения

3. Тізбені экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеу шеңберінде жасайды.

  • Показать изменения

Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган табыс етілген ұсыныстарға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәуелсіз сарапшыларды тартады.

  • Показать изменения

4. Ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жеке немесе заңды тұлғалардың жеке бастама тәртібімен енгізген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады.

  • Показать изменения

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншіктегі концессия объектілері бойынша ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.

  • Показать изменения

5. Ұсыныстарды беру, қарау және іріктеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

17-бап. Конкурстық құжаттаманың мазмұны

  • Показать изменения

1. Конкурсты ұйымдастырушы барлық ықтимал концессионерлерге мынадай ақпаратты:

  • Показать изменения

1) ықтимал концессионерлерге қойылатын біліктілік талаптарына олардың сәйкестігін растау үшін табыс етілуге тиіс құжаттарға қойылатын талаптарды;

  • Показать изменения

2) техникалық ерекшеленімдерді, жоспарларды, сызбалар мен нобайларды қоса алғанда, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттама көрсетіле отырып, концессияға беруге ұсынылатын объектінің сипаттамасы мен оның жалпы техникалық және сапалық сипаттамаларын;

  • Показать изменения

3) концессияға беруге ұсынылатын объектінің тұрған орнын;

  • Показать изменения

4) концессияның үлгі шартын;

  • Показать изменения

5) нәтижесінде жеңіп шыққан концессия жобасын анықтауға негіз болатын барлық өлшемдердің сипаттамасын, оның ішінде мұндай әрбір өлшемнің салыстырмалы мәнін, концессиялық жобаларды бағалау және салыстыру тәсілінің сипаттамасын;

  • Показать изменения

6) концессиялық жобаның бағасы көрсетілуге тиіс валюта немесе валюталар және концессиялық жобаның бағаларын салыстыру және бағалау мақсатында оларды бірыңғай валютаға сәйкес келтіру үшін қолданылатын бағамды;

  • Показать изменения

7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес конкурстық өтінімдерді, оның ішінде концессиялық жобалар мен концессия шартын жасасу және табыс ету тіліне қойылатын талаптарды;

  • Показать изменения

8) ықтимал концессионердің конкурстық өтінім берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;

  • Показать изменения

9) конкурстық өтінімдерді табыс етудің тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бірақ жергілікті уақыт бойынша жұмыс күнінің он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;

  • Показать изменения

10) ықтимал концессионердің тікелей конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессиялық жобаның бағасы көрсетілетін конкурстық өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;

  • Показать изменения

11) конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша ықтимал концессионерлер түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурсты ұйымдастырушының осы кезеңде ықтимал концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттама жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;

  • Показать изменения

12) конкурстық өтінімді енгізудің шартын және оның мазмұнын;

  • Показать изменения

13) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу орнын, күні мен уақытын (бірақ конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі анықталған кезден бастап екі сағаттан кеш емес);

  • Показать изменения

14) конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу және оларды қарау үшін пайдаланылатын рәсімдерді қамтитын конкурстық құжаттаманы табыс етуге міндетті.

  • Показать изменения

2. Конкурсты ұйымдастырушы табыс етілген конкурстық құжаттама үшін конкурстық құжаттаманың көшірмесін жасауға жұмсалған нақты шығындардан аспайтындай ақы алуға құқылы.

  • Показать изменения

3. Ықтимал концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмеуге тиіс. Конкурсты ұйымдастырушы сауал тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде оған жауап қайтаруға және сауалдың кімнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осындай түсіндірмені хабарлауға міндетті.

  • Показать изменения

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық өтінімді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейінгі күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасымен немесе ықтимал концессионердің сауалына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.

  • Показать изменения

Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге осы өзгерістер туралы дереу хабарланады. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы ықтимал концессионерлердің осы өзгерістерді конкурстық өтінімдерде есепке алуы үшін конкурстық өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімін кемінде күнтізбелік отыз күнге ұзартады.

  • Показать изменения

5. Конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір орында және тиісті уақытта ықтимал концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты ұйымдастырушы онда дереккөздері көрсетілмеген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сауалдар, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптар қамтылатын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық ықтимал концессионерлерге жіберіледі.

  • Показать изменения

6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

18-бап. Ықтимал концессионерге қойылатын біліктілік

талаптары

  • Показать изменения

1. Концессионерді таңдау бойынша конкурсқа қатысу үшін ықтимал концессионер мынадай біліктілік талаптарына сай келуге:

  • Показать изменения

1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және материалдық ресурстары болуға;

  • Показать изменения

2) төлемге қабілетті, таратылмайтын болуға, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатып қойылмаған болуға тиіс;

  • Показать изменения

3) соңғы үш жыл ішінде жасасылған концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін заңды күшіне енген сот шешімі негізінде жауапқа тартылмаған болуға тиіс.

  • Показать изменения

2. Ықтимал концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сай келетіндігін растау үшін конкурсты ұйымдастырушыға тиісті құжаттарды табыс етеді.

  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит өткізу белгіленген заңды тұлғалар соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есепті де табыс етеді.

  • Показать изменения

3. Ықтимал концессионер біліктілік талаптары бойынша сенімді емес ақпарат табыс еткен жағдайда, осындай факт анықталған кезден бастап үш жыл ішінде концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

  • Показать изменения

Табыс етілетін ақпараттың толықтығы мен дұрыстығы комиссия әлеуетті концессионердің біліктілік талаптарына сай келетіндігін растайтын құжаттарды қараған кезде белгіленеді.

  • Показать изменения

4. Конкурсты ұйымдастырушының ықтимал концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге құқығы жоқ. Ықтимал концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына қатысы жоқ ақпаратты табыс етпеуге құқылы.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

19-бап. Концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу

  • Показать изменения

1. Тізбеге енгізілген объектілер бойынша концессионерді таңдау концессиялық жобалар жөнінде ашық конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылады.

  • Показать изменения

2. Республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болады.

Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурсты ұйымдастырушы болып табылады.

  • Показать изменения

3. Конкурс өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау міндетті болып табылады. Конкурс өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы, конкурсты ұйымдастырушыға табыс ету үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы мәліметтерді, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай ықтимал қатысушыларға қойылатын талаптарды қамтуға тиіс.

  • Показать изменения

4. Концессиялық жобаларды қарауды және іріктеуді Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары құратын комиссия жүзеге асырады.

  • Показать изменения

Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиісті ұйымдастырушы болып табылады.

  • Показать изменения

5. Егер белгіленген мерзімде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтінімдер келіп түспеген не конкурсқа қатысуға бір өтінім табыс етілген жағдайда, онда концессияның осы объектісі бойынша үшінші және одан кейінгі конкурстарды қоспағанда, конкурс өтпеген болып есептеледі.

  • Показать изменения

6. Объектілерді концессияға беру жөнінде конкурс өткізудің тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

20-бап. Концессионерді айқындау және концессия

шартын жасасу

  • Показать изменения

1. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және орында ашады.

  • Показать изменения

Конкурсты ұйымдастырушы тиісті конкурстық өтінімдегі табыс етілген концессиялық жобаларды бағалау және оларға сараптама жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәуелсіз сарапшыларды тартады.

  • Показать изменения

2. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысушылар табыс еткен барлық конкурстық өтінімдерді қарайды.

  • Показать изменения

Егер конкурс үшінші рет өткізілетін және конкурсқа қатысуға бір ғана конкурстық өтінім табыс етілген жағдайда, комиссия осы өтінімде табыс етілген концессиялық жобаны оның іске асырылу мүмкіндігі тұрғысынан қарайды.

  • Показать изменения

3. Комиссия концессиялық жобасы Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін жобаларға қойылатын өлшемдер негізінде үздік деп танылған конкурсқа қатысушымен концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

  • Показать изменения

4. Келіссөздерді дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды комиссия өтінім берушіге жазбаша нысанда жіберуге тиіс.

  • Показать изменения

Келіссөздер жүргізудің қорытындылары бойынша оның нәтижелері туралы комиссияның тиісті шешімі қабылданады.

  • Показать изменения

Келіссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық жобаның бастапқы параметрлері мен сипаттамасына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

  • Показать изменения

5. Егер концессиялық жобасы үздік деп танылған қатысушы комиссияның ескертпелері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан, не оның ұсыныстары конкурс талаптары тұрғысынан пайдалануға келмейтін жағдайда, онда комиссия бұл концессиялық жобаны қарамайды және табыс етілген конкурстық өтінімдердің арасынан үздік концессиялық жобаны қайтадан таңдайды.

  • Показать изменения

6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша комиссияның шешімімен концессиялық жоба бекітіледі, ал өтінім беруші конкурстың жеңімпазы болып танылады.

  • Показать изменения

Комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

  • Показать изменения

7. Конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

  • Показать изменения

8. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

  • Показать изменения

9. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстардың нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

4-тарау.

  • Показать изменения

КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ

 

21-бап. Концессия шартының мазмұны

  • Показать изменения

1. Концессия шарты:

  • Показать изменения

1) концессия объектісі туралы мәліметтерді;

  • Показать изменения

2) концессионердің концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы шарттарды;

  • Показать изменения

3) концессионердің көрсетілетін қызметтердің қажетті саны мен сапасын ұсынуы мақсатында объектіге қажетті жақсартулар жүргізудің шарттары мен көлемін;

  • Показать изменения

4) концессионердің шығындарын өтеу тәртібін;

  • Показать изменения

5) қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру мүмкіндігінің шарттары мен тәртібін;

  • Показать изменения

6) инвестициялардың, соның ішінде негізгі қорларға салынатын инвестициялардың мөлшері туралы шартты, концессиялық жобаны әзірленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес қаржыландырудың мерзімдері мен шарттарын;