«Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін
ҚР Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 бұйрығымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол бермейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 3 желтоқсандағы № 602 бұйрығына («Заң газетінің» 2008 жылғы 1 ақпандағы № 16 санында жарияланған № 5055 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) аталған бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін, кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі, қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) аталған бұйрықпен бекітілген Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру ережесінде: 3-тармақта: екінші абзацтағы «немесе «өте жақсы» деген сөздер «және «өте жақсы» орташа балы 4,5 және одан жоғары» деген сөзбен ауыстырылсын; 3) тармақша алынып тасталсын; 9-тармақта «және» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|