|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 919 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 473-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ю.А. Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлайтын Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу сынақ орталығында Қазақстан Республикасының сынаушы-ғарышкерлерін даярлауға байланысты шығыс нормаларында: 1-тармақтағы «900» деген сандар «1500» деген сандармен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «1500» деген сандар «2000» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 3. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |