Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2008 жылғы 8 тамыздағы № 208-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілер қабылдасын және Қазақстан Республикасының Үкіметін қабылданған шаралар туралы хабардар етсін.
Премьер-Министр Қазақстан Республикасы | К. Мәсімов |
Премьер-Министрінің
2008 жылғы 8 тамыздағы
№ 208-ө өкімімен
Бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының
2008 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындалуына жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Туристік қызмет көрсету ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
2. | Туристік қызмет көрсетудің үлгі шартын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
3. | Туризм саласын- дағы мамандарды кәсіптік даяр- лауға, қайта даярлауға және олардың білікті- лігін арттыруға қойылатын жалпы талаптарды бекі- ту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
4. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімде- ріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
5. | Туристерді орналастыру орындарын сынып- тау ережесін бекіту туралы | ТСМ бұйрығы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
6. | Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы | ТСМ бұйрығы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
7. | Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін және туристік бағыттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесін бекіту туралы | ТСМ бұйрығы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
8. | «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлі- гінің ведомство- лары туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі- нің 2007 жылғы 20 қарашадағы № 1-2/180 бұйрығы- на өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ТСМ бұйрығы | ТСМ | 2008 жылғы тамыз |
Ескертпе:
ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі