Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесін бекіту туралы
«Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 306 Заңын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 25 қыркүйектегі № 268-ө өкімін орындау үшін БҰЙЫРАМЫН: 1. Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі бекітілсін. 2. Орта білім департаменті (М. Санатова) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енгізіледі.
Білім және ғылым Министрінің 2008 жылғы 10 маусымдағы № 337 бұйрығымен Бекітілген
Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан (бұдан әрі - ойыншықтар сараптамасы) өткізу тәртібін анықтайды. 2. Ойыншықтар сараптамасы балаларға арналған ойыншықтар қауіпсіздігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдеріне сәйкестігін белгілеу, сондай-ақ балалардың адамгершілік-эмоционалдық саулығын сақтау мақсатында өткізіледі. 3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаменті (бұдан әрі - уәкілетті орган) ойыншықтар сараптамасын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады және ойыншықтарды психологиялық-педагогикалық сараптамадан өткізу жұмысын үйлестіреді.
2. Ойыншықтар сараптамасын өткізу тәртібі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|