Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар туралы (2000.24.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және республикаға импортталатын тауарлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай келуін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен 1 тармақ өзгертілді 1. 2000 жылдың 1 сәуірінен бастап осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды тауар заттаңбаларында (этикеткаларында, бумаларында, нұсқаулықтарында ж. т.б.) мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты болуынсыз Қазақстан Республикасының аумағында сатуға тиым салынсын: 1) тауардың атауы мен шыққан елі туралы; 2) дайындаушы туралы, дайындалған күні мен жарамдылық мерзімі туралы; 3) сақтау жағдайлары туралы, қолдану тәсілі мен тағамдық құндылығы туралы ақпараттары болмаса, республика аумағында сатуға тиым салынсын. Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген стандарттар мен өзге де талаптарға сай болуы тиіс. Тауар туралы жоғарыда көрсетілген ақпараттың болуын қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының аумағына еркін айналымға шығару үшін тауар өндіретін немесе оны әкелуді жүзеге асыратын тұлға жүзеге асырады. Қазақстан Республикасына тауар жеткізіліміне арналып жасалған келісімшарттар (шарттар) осы тармақтың талаптарын қамтамасыз етілуді көздейтін ережелерді қамтуы тиіс. 2. ҚР Үкіметінің 24.01.00 ж. № 121 қаулысымен алып тасталды 3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, Мемлекеттік кіріс министрлігімен, Көлік, коммуникациялар және туризм министрлігімен және өзге де мүдделі ұйымдармен бірлесіп белгіленген тәртіппен 2000 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне осы қаулының талаптарына сай келмейтін тауарларды республикаға әкелгені және сатқаны үшін жауаптылықты көздейтін ережелерді белгілеу жөнінде ұсыныс енгізсін. 4. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті: 1) тауарларды сату кезінде сәйкестік сертификаттарының болуын бақылауды күшейтсін; 2) тауарларды сатудың белгіленген тәртібінің бұзылуына кінәлі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шаралар қолдансын; 3) осы қаулының талаптарына сай келмейтін және сертификаттауға ұсынылған тауарларды есепке алу жөніндегі деректердің банкін жасасын және мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар сұраған кезде аталған банктегі ақпараттармен қамтамасыз етсін; 4) өз құзыретінің шегінде осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 523 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 16, 170-құжат) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 тамыздағы № 1274 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 11.01.00 ж. № 44 қаулысымен Қосымша жаңа редакцияда Тауарлардың заттаңбаларына (этикеткаларына)* мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат енгізу жөніндегі талаптар қойылатын импортталатын тауарлардың тізбесі _______________________________________________________________________ ТМД СЭҚ ! Өнімнің атауы ТН коды _______________________________________________________________________ 0207 Үй құсының еті және тамақтық қосымша өнімдері 04 Сүт өнімі; құс жұмыртқасы; табиғи бал; малдан (040110900, алынған тамақ өнімдері, нетто-көлемі 2 л. артық орам. 040120190, дағыдан басқа 040120990, 040130190, 040130390, 040130990, 040210110, 040210190, 040210990, 040291190, 040291390, 040291590, 040291990, 040299190, 040299390, 040299990, 0404, 040700110, 040700190, 0408, 0410 -нан басқа) 0711 Қысқа мерзімді сақтау үшін қалбырланған, кептірілген, бүтін және басқа көкөністер 0902 10 000, Шай 0902 30 000 110100-1103, Ұн-жарма өнеркәсібінің өнімдері; крахмал; инулин 1108 150100, Тоңмайлар және жануар немесе өсімдік майлары және олардан 150200, алынған өнімдер; дайын тағамдық майлар; 1507, 1508 жануарлардан немесе өсімдіктерден алынған 1512, балауыздар, өнеркәсіптік қолданудан басқа 151610100, 151620910 (150100110, 150200100, 150710100, 150790100, 150810100, 150890100, 151211100, 151219100, 151221, 151229 - дан басқа) 16 Еттен, балықтан немесе шаян тәрізділерден, (160300, 1605 моллюскалардан немесе өзге де су омыртқасыздарынан -тен басқа) жасалған дайын өнімдер, олардың экстракттары мен соктарынан басқа 170199100, Қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер 1704 1806 Какао қосылған шоколад және өзге де дайын тамақ (180620950- өнімдері ден басқа) 19 Астық дақылдарының дәнінен, ұннан, крахмалдан (190300, немесе сүттен алынған өнімдер; ұн-кондитерлік 190190110, өнімдер, крахмалдан жасалған тапиоктен және оны 190190190, алмастырғыштардан басқа 190190910, 190190900 - ден басқа) 20 Көкөністердің, жемістердің (жидектердің), (20089 990- жаңғақтардың немесе өзге де өсімдік бөліктерінің нан басқа) өңделген өнімдері 21 Әртүрлі тамақ өнімдері, экстракттардан, эссенциялар (2101, мән концентраттардан басқа 210210100, 210390300, 210610800, 210690980 -нен басқа) 2201-2203, Алкогольді және алкогольсіз сусындар 220860 230910 Жануарларды қоректендіруге пайдаланылатын өнімдер 24 Темекі және темекіні өнеркәсіптік алмастырғыштар, (2401-ден темекі шикізаты мен темекі қалдықтарынан басқа басқа) 250100910 Тамаққа қолдануға жарамды тұз 3208, 3209 Бояулар мен сырлар 330510000, Шашқа арналған бұйымдар (шампуньдар) және тіс 330610000 тазалауға арналған заттар (тіс пастасы және тіс ұнтағы 340220 Бөлшек сауда үшін бөлектеп өлшенген сырттан қолданылатын органикалық заттар 360410000 Отшашақтар 57 Кілемдер мен өзге де тоқыма еден төсеніштері 61 Машинамен немесе қолмен тоқылымнан, тоқымадан тігілген киімдер және киімдердің керек-жарақтары 62 Тоқыма киімдер және киімдердің керек-жарақтары (матадан, машинамен немесе қолмен тоқылымнан басқа) 841810990, Тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштар 841821- 841829000 845011, Тұрмыстық кір жуатын машиналар 845012000 850910 Шаңсорғыштар 8519 Электрлі ойнайтын құрылғылар (декалар) (851940000- нан басқа) 852812, Теледидарлық байланыс үшін түсті, қара-ақ және 852813 басқа да монохромды бейнелік қабылдағыш аппаратура 9502, 9503 Ағаш, пластмасса, электрлендірілген және металл, өзге ойыншықтар _____________________________________________________________________ - Тауарлардың номенклатурасы ТМД СЭҚ ТН-ның кодтарымен айқындалады; позициялардың қысқаша атауы пайдалануға қолайлы болуы үшін келтірілді. |