|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында: «Ағымдағы жағдайды талдау. Мақсат және міндеттер» деген 1-бөлімде: мынадай мазмұндағы он жетінші абзацпен толықтырылсын: «4) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету.»; жиырма екінші абзацтағы «кредит беруді» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыруды» деген сөздермен толықтырылсын; мындай мазмұндағы жиырма үшінші абзацпен толықтырылсын: «2-1) елдің азық-түлік нарығында тұрақтылықты қамтамасыз ету;»; жиырма сегізінші абзацтағы «шағын» деген сөзден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын; «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде: 2-тармақта: мәтіндегі «ШКДҚ» деген аббревиатура «ДАМУ» КДҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; бесінші абзацта: «жобаларын» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаларды» деген сөздермен толықтырылсын; «ЕДБ-нің филиалдық желісі» деген сөздерден кейін «және өзге де қаржы ұйымдары» деген сөздермен толықтырылсын; «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-на (бұдан әрі - ШКДҚ)» деген сөздер «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ға (бұдан әрі - «ДАМУ» КДҚ)» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын: «ЕДБ және өзге қаржы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) айқындайтын болады.»; жетінші абзацтағы «Агент-банктер» деген сөздер «ЕДБ және өзге қаржы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтар алынып тасталсын; он алтыншы абзацтағы «қамтамасыз етеді» деген сөздерден кейін «, бұл ретте оларға сауда-делдалдық қызметті қаржыландыру мүмкіндік берілетін болады» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтармен толықтырылсын: «ЕДБ мен қаржы ұйымдарын қорландыру мынадай шарттармен берілетін болады: шағын және орта бизнес жобаларын жүз пайыз бірлесе қаржыландыру; шағын және орта бизнестің түпкілікті қарыз алушылары үшін жылдық ставка жылдық 12,5 пайыздан аспауы тиіс; ЕДБ мен қаржы ұйымдары үшін игеру мерзімі - ақша қаражатын алған күннен бастап 6 ай; бұрын берілген кредитті қайта қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі алынған қаражат көлемінің 30 пайызынан аспауы тиіс; бір қарыз алушыға қаржыландыру лимиті 300000 АЕК-ге дейін.»; он жетінші абзацта: «мақұлдайтын шағын» деген сөздерден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын; «тиісті талаптарға сәйкес келетін» деген сөздер «олардың басым салаларға сәйкестігі мәніне» деген сөздермен ауыстырылсын; он тоғызыншы абзацта: «ЕБД-ның филиалдық желісі» деген сөздер «тізбеде көрсетілген ЕБД-ның филиалдық желісі және қаржы ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: «ДАМУ» КДҚ жергілікті атқарушы органдармен бірге шағын және орта бизнес жобаларын өзіндік бірлесіп қаржыландыру бағдарламаларын ашуы мүмкін.»; жиырмасыншы абзацтағы «ынтымақтастық туралы» деген сөздер алынып тасталсын; жиырма бірінші абзацта: «шағын» деген сөзден кейін «және орта» деген сөздермен толықтырылсын; «басталған және» деген сөздер алынып тасталсын; «әкімдіктерге» деген сөзден кейін «ЕДБ мен қаржы ұйымдарының есептері негізінде» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «ДАМУ» КДҚ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдаудың өңірлік салалық бағдарламалары бойынша жергілікті атқарушы органдар беретін қаражат есебінен қарыз алушыларға тікелей кредит беруді жүзеге асыруы мүмкін.»; 2-1 тармақта мындай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын: «Агроөнөркәсіптік кешендегі шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдауға және оларды нығайтуға жағдай жасау мақсатында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы мемлекеттік-жеке әріптестік тетіктерін ескере отырып, инвестициялық бағдарламалар іске асырылатын болады. Осы мақсатта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға жарғылық капиталын ұлғайту жолымен қаржы ресурстары бөлінетін болады.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: мәтіндегі «ШКДҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ДАМУ» КДҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6-7, 6-8, 6-9, 6-10, 20-2-жолдармен толықтырылсын:
Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: «ШКДҚ» АҚ - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ДАМУ» КДҚ» АҚ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы»; мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Оңтүстік» ӘКК» ҰК» АҚ - «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын іске асыру жөнінде ұсынылатын іс-шаралар жоспарында: мәтіндегі «ШКДҚ» АҚ» деген аббревиатуралар «ДАМУ» КДҚ» АҚ» деген сөздермен ауыстырылсын; Ескертпеде: аббревиатуралардың толық жазылуында: «ШКДҚ» АҚ - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «ДАМУ» КДҚ» АҚ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |