Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі Агенттігінің 2008 жылғы 16 қыркүйектегі жедел ақпараты
Өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін зерттеу
2008 жылғы шілдеде 842 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындары зерттелді, оның ішінде 106 - кен өндіру өнеркәсібі (сұралғандардың жалпы санының 12%-ы), 569 (68%) - өңдеу өнеркәсібі және 167 (20%) - электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу кәсіпорындары. 2008 жылғы шілдеде сұралған кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа азайып, (+7)% (маусымдық факторы есебімен) құрады. Кен өндіру өнеркәсібі және өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 4 пайыздық тармаққа азайып, тиісінше (+13)% және (+8%) құрады. Зерттелген электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу кәсіпорындарында кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы маусыммен салыстырғанда 7 пайыздық тармаққа өсіп, (+2)% құрады, бұл маусымдылық факторымен шартталған. Басшылар көпшілігінің бағалауы бойынша жақын арадағы 2-3 айда (2008 жылғы тамыз-қазан) зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігіне қатысты елеулі өзгерістер күтілмейді. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі ағымдағы жылғы шілдемен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа азайып, (+6)% құрайды.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|