|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде: 10-тармақта «дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын; 1) тармақшада «дәрменсіз борышкерді соттан тыс тарату рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын; 58) тармақшада «және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын; 59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «59) мониторинг, оның ішінде борышкерден оның қаржы-шаруашылық қызметіне қатысты ақпарат пен құжаттарды талап ету жолымен;»; 98) тармақша сол күйінде қалдырылсын; 99) тармақшада «және соттан тыс тарату рәсімінің» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын: «103-1) сотқа сыртқы байқау рәсімін енгізу туралы іс қозғау туралы өтінішпен жүгіну;»; 106) тармақшада: «немесе кредит берушілерді соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылданғанға» деген сөздер алынып тасталсын; «немесе соттан тыс тарату рәсімін жүргізу туралы шешім қабылдағаннан» деген сөздер алынып тасталсын; 107) тармақшада: «өтініш беру» деген сөздер алынып тасталсын; «басқарушы» деген сөз «басқарушылар» деген сөзбен ауыстырылсын; «сотқа» деген сөзден кейін «өтініш бере алады» деген сөздермен толықтырылсын; 113) және 115) тармақшалар алынып тасталсын; 152) тармақшада «және», «таратудың соттан тыс рәсімінде» деген сөздер алынып тасталсын; 154) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «154) борышкердің мүлкін (активтерін) сату жөніндегі сауда-саттықтың жүргізілу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;»; 160) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «160) Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасының бұзылғандығы анықталған жағдайда, тексеру актісінде көрсетілген нәтижелердің негізінде мұндай бұзушылықтарды жою мерзімін көрсете отырып, сыртқы байқау әкімшісіне (оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға) ұсыныстар енгізу; мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын: «160-1) хаттамалар жасау және банкроттық саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы істерді қарау;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |