«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік,
достық және ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 қыркүйектегі № 887 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік,
достық және ынтымақтастық туралы шартты ратификациялау туралы
Қабылданды -2009 жылғы 11 ақпандағы № 129-ІV ҚР Заңың қара
Бішкекте 2007 жылғы 16 тамызда қол қойылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ұзақ мерзімді тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шарт ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті | |