Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
1 сөтылы соттың құрамы: облыстық соттың судьялары А.Ш.Кульбеков, Ж.А.Тазабеков, алқабилер алкасы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы, құрамында төрағалық етуші А.А.Секишев, судьялар Н.К.Сингалиева және Е.Ж.Исмаилов, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі Ғ.Н.Тлеубаевтің қатысуымен Астана қаласында ашық өткен сот мәжілісінде Алматы облыстық сотының 2007 жылдағы желтоқсан айының 25 күнгі үкіміне апелляциялық тәртібімен келтірген сотталған Х.У.Курбанбаевтың шағымымен келіп түскен қылмыстық істі қарап, анықтағаны: Алматы облыстық сотының 2007 жылғы желтоқсан айының 25 күнгі үкімімен 1979 жылы қараша айының 11 жүлдызында туылған, бүрын сотты болмаған Курбанбаев Хамза Унгарбаевич - ҚР ҚК-нің 96 бабының 2 бөлігінің «ж» тармағымен 12 жыл бас бостандығынан айыруға, жазаны қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге сотталған; - жаза өтеу мерзімі 2007 жылғы тамыздың 07-нен бастап есептелген; бас бүлтартпау шарасы өзгеріссіз қамауда үстау қалдырылған; - іс бойынша заттай дэлелдемелердің мәселесі шешілген. Үкім бойынша Х.Курбанбаев 2007 жылы тамыз айының 07 жүлдызына қараған түні Б.Аташевпен, А.Нурлепесовпен және А.Қаландаровпен бірігіп Алматы облысы Қаскелең қаласы Заводская көшесі № 1 үйдің маңайындағы дәмханадан сыра ішіп шығып, дәмхананың ішінде А.Қаландаровпен арасында орын алған келіспеушілікті үрыс-керіс ерегіспен жалғастырып, Б.Аташев екеуі топ күрған адамдар болып А.Қаландаровты өлтіру мақсатымен аяқ-қолдарымен үрып, тепкілеп, басынан және денесінің әр жерінен соққы келтіріп, жәбірленушінің өміріне қауіпті ауыр түрдегі жарақаттарды түсіріп, оған қүқыққа қарсы қасақана қаза келтіргені үшін кінәлі деп танылған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|