Iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың
Осы редакция 2008 жылғы 7 қазандығы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiнiң 141-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған iшкi бақылау қызметтерiн құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Көрсетiлген тiзбеге енгiзiлген мемлекеттік органдардың iшкi бақылау қызметтерiн құруы бекітілген штат саны шегінде жүргiзiледi деп белгiленсiн. 3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Қазақстан Республикасындағы ведомстволық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 24, 302-құжат); 2) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1993 жылғы 25 маусымдағы № 539 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 қаңтардағы № 3 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 1, 3-құжат). 4. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі № 931 қаулысымен Бекiтiлген ҚР Үкіметінің 2005.22.02. № 159; 2005.12.05. № 447 қаулыларымен тізбе толықтырылды
Iшкi бақылау қызметтерін құру рұқсат етiлетiн мемлекеттік органдардың тiзбесi 1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкiмшілiгiн жүргiзу жөніндегі комитет 3. Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасы 4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі 5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігi 6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі 8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 9. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі 10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі 11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі 12. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 12-1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі. 13. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсiздiк комитетi 14. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі |