|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде, мемлекет немесе мемлекеттік жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі № 890 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 36, 360-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулыға 1-қосымшада: «Көкшетау қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар «1290» деген сандармен ауыстырылсын; «Қостанай қаласы» деген жолдағы «123» деген сандар «1357» деген сандармен ауыстырылсын; «Павлодар қаласы» деген жолдағы «114» деген сандар «1365» деген сандармен ауыстырылсын; «Тараз қаласы» деген жолдағы «181» деген сандар «1040» деген сандармен ауыстырылсын; «Өскемен қаласы» деген жолдағы «145» деген сандар «1304» деген сандармен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |