Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен бекітілді
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі мемлекеттік қызмет). әлеуметтік көмек - Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзге де жергілікті уәкілетті және атқарушы органдардың нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына материалдық көмек, өтемақы және өзге де төлемдер түрінде әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ әртүрлі тегін қызмет көрсету. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», заңдарына сәйкес жергілікті бюджет қаражатынан ақшалай әлеуметтік көмектер көрсетіледі. 2.Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 2004 жылғы 24 сәуірдегі 52-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6, 27-баптарына, Ақтау қаласы мәслихатының 2007 жылғы 28 маусымдағы «Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдері тағайындау және көрсету туралы» № 37/323 шешіміне нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-81 болып тіркелген), Ақтау қаласы мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы «Аз қамтылған және аса мұқтаж азаматтарға бір жолғы материалдық көмек көрсету туралы» № 37/324 шешіміне нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-1-58 болып тіркелген), сәйкес көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|