Ақтау қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 12 тамыздағы № 825 қаулысымен Бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
1. Осы стандарт мүгедектерді сурдо-, тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамсыздандыру үшін оларға құжаттарды ресімдеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (бұдан әрі-мемлекеттік қызмет). Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектер мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін сурдо,-тифлоқұралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етіледі. Сурдотехникалық құралдар-есту кемістіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның ішінде байланыс пен ақпарат беруді кішейтін құралдар. Тифлотехникалық құралдар-мүгедектердің көру кемістігі нәтижесінде жоғалтқан мүмкіндіктерін түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар. Міндетті гигиеналық құралдар-табиғи физиологиялық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған құралдар. Мүгедектерді қажетті көмекші (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар орнын толтырушы құралдар қажеттілігіне уақытылы талдау және оларды сатып алу бойынша жұмыс жүргізуге міндетті. Мемлекеттік қызметтің нысаны ішінара автоматтандырылған. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы үкіметінің 2005 жылғы 20 маусымдағы «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» № 754 қаулысымен бекітілген мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші (орнын толтыру) құралдарымен қамтамасыз ету Ережесіне 3, 4, 5- тарауларына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-бөлім) ардагерлермен, мүгедектермен жұмыс жасау секторы, Ақтау қаласы, 12 шағынаудан, 18 ғимарат, 105 бөлмеде көрсетіледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|